Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 17.06.2019




Еліміздің бас газеті – «Еге­мен Қазақстан» биыл осы зұлматтың 80 жыл­дығына орай бірнеше сериялы мақалалар жариялады. Шүкір.

Белгілі ғалым, қаламгер Б.Қой­шыбаев ХХ ғасырдың ба­сындағы аштық алапатын үш кезеңге бөледі-1917-19, 1921-22, 1932-33 жылдар деп.

«Үш дүркін үйіріп соққан аштық зобалаңында төрт жа­рым миллионнан астам, ық­тимал табиғи өсімін есепке ал­ғанда, он шақты миллион адам опат болған еді».

Белгілі демограф Мақаш Тәтімовтің есебі бойынша 30 жылдардағы аштықта 2,4 миллион адам опат бо­лып­­ты. Осынау тарихи де­ректі мақалалардың кө­бін­де нақ­тысы – осы аш­тық қа­сі­ре­­­тінің қасақана ұйым­дас­­­ты­рылуы. Бір рет Ф.И.Го­лощекиннің (Қазөлкекомның тө­­рағасы) И.В.Сталинге жол­да­ған сәлем хатына жауабы: «Дұрыс істегенсің, біз ол с­ары пәлекеттерден солай құ­тыл­масақ болмайды» де­гені дәтімізге дәйек. Ондай кәз­заптарға өлген соң не шара?!

Әрине, осынша қазақ қырылып жатқанда басқалар қарап отырды ма? - деген сауал туындайды. «1923-31 жылдардың өзінде Қазақс­танда 80 мыңнан астам адам қатысқан 372 көтеріліс орын алды». (В.Шепель, ҚР Президенті мұрағатының ди­рек­торы).

Тағы да ол кісі: 1930-31 жылдарда республика айма­ғынан 280-мыңнан астам ша­руа қожа­лықтары негізінен Қытай­ға, Иранға, Ауғанстанға қарай ауып кетті. Олардың саны 1 миллион 130 мыңнан астам адам болыпты».

Тұрар Рысқұловтың «Ста­лин­ге хаты», атақты «Бесеудің хаты», О.Исаевтың хаты, сол кездегі кеңес басшылары та­рапынан ешқандай қолдау таппады. Керісінше, өздеріне сойыл болып тиді кейін. Мұндай деректерді ондап, жүздеп келтіруге болады-ау. Бірақ осы күні жастарға, орта жастағыларға мұның бәрі ертегі, әйтпесе жай бір көп та­рихтың бір беті сынды. Бұл жылдарды біз әманда еске тұтып, құрбанға дұға оқып жүруіміз парыз болмақ.

Әр қазақ шаңырағы бұл алапаттың сойқанын көр­ген. Өз атам бес ағайынды екен. Соның үшеуі-Мыр­за (ақын, ком­позитор болған), Мырзантай, Әл­тай, на­ға­шыларым-Әбдікәрім, Қа­сен­кәрім, Адам, т. б. (есім­дері ұмытылған) бүгінде ұрпақ­тарымен бір тайпа ел болмас па еді?!

М.Тәтімов ағамыз: «Егер сол зұлмат болмай , табиғи өсіміміз сол күйінде жалғасқанда бүгін­де 30-35 миллионды құрайтын едік. Түрік ұлтынан кейін екін­ші орынға шығар едік. Сол кезде (1930 жылдарда) сан жағынан едәуір бізден аз өзбек, азербайжаннан кейін төртінші орында екенбіз бұл күнде. (15 миллионнан астам, оның 5 миллионы шетелде).

Халық жадында бұдан да бұрын талай зобалаң өт­кен. Соның ең таңбалысы «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» атты қаралы көш-зары «Елім-айлап» зарлап біз­дің жадымызды жаңғыртты. М.Тә­тімов ағамыз сол азалы жылдарда шамамен 1,7 миллион қазақ опат болды деп есептейді. «Елім-ай» халықтың аза күйі. Бүгінгі ұрпақтан сұрасаңыз оны еміс-еміс ескереді. Ал, міне, кейінгі зұлмат туралы ше?! Мен мұны алаш арысы, қазақ әні мен сәнінің серісі Сәкен Сейфуллин өлеңінен осыдан 20 жыл бұрын тапқанмын. «Ана тілі» газетінің 1991 жылғы 3 шілдесіне шық­қан «Аш қазақ» өлең-зары ән-зар болып төгілген-ді. Бұл зар­ды біраз адамдар тыңдап те­біренген-ді. Тіпті, қазақ радио­сының қорына өзім айтып жаз­ғыз­ғанмын.

Жуырда белгілі ға­лым, та­рихшы-профессор М.Ал­пыс­бес­пен әңгімеде мынадай сауал тас­тадым.

Кезінде небір өнер дүл­дүлдері мен ғұлама ғалымдар шыққан Баян өңірінен кейінде ондай дүбірлі топты байқамай жүрміз ғой?

Біздің ақсақал-қарасақал­дарымыз бар, жазықсыз жапа шеккен арыстар мен аштықтың нақақ құрбандарын, жалпы аруақ­тардың мүрдесі үстінде билеп-тойлап атын да затын да еске алмаймыз. Ол соның жа­засы болар.

Қысқа-нұсқа жауапқа қана­ғаттансам да, жаратқанның бір қырын қабағы шығар деп түй­дім. Өзін иман етпеген елге топан жібереді деуші еді. Содан сақтасын деп іштей Алладан дұға тіледім.

Мына ән «Елім-аймен» шен­десе алмаса да, ХХ ғасырдағы зұлматқа арналған зарлы әуен­ді естімегендіктен біреу болмаса біреу құлаққа ілер дегендегім ғой.

Міне, 80 жыл өткен аштық құрбандары аруағына ата-апа, бауырларымызға арнаған бата, дұғамыз, Сәкен сынды арда қазақтың рухани бейнесі (сол заманға деген) қалай түзіліпті, көпшілікке ұсынғанды жөн көр­дім, ағайын.

Қалиасқар Шыныбектегі,

Композиторлар одағының мүшесі, журналист.

Ботақара кенті,

Бұқар жырау ауданы.



Аш қазақ

Сөзі: С.Сейфуллиндікі

Әні: Қ.Шыныбектегі


Ыстық күн оттай құмы ми қайнатқан

Елсіз бетпақ даласы.

Жолда жаяу жүрісі баяу,

Келе жатты қазақтың бір баласы.

Ол бір ерке, бағлан серке,

Елде жүрген көк өрімдей жас еді.

Енді ғаріп, болған арып,

Бұл қаңғырған қалтылдайды аш еді.

 Пікірлер: 1
 Оқылған: 1252
Барлық пікірлер: 1
Спам # 1
05.08.2016
Керемет, әні тіпті  әдемі!!!
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1287
count 88x31px