Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 17.06.2019




Жиынды ашқан қала әкімі Бау­ыржан Әбдішев зұлмат жыл­дардың қазаққа қандай қасірет әкел­генін айта келіп, тарихтың ақтаңдақтарына тоқталды. Қызыл қырғын қазақтың тарихын қанға малып кетті. Елінің жолында опат болған ерлерінің рухын еске алуды парыз санап, ұрпақтың жадында мәңгі сақтау үшін Елбасы 31 мамырды ашаршылық және қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні деп жариялады. Содан бері, 15 жылға жуық уақыт дәл осы күні барша қазақ баласы аза тұтады.

Мәліметтерге жүгінсек, сонау зұлмат жылдарда Қазақстанда 100 мыңнан астам адам жазықсыз «халық жауы» атанып, соның 25 мыңы нақақтан-нақақ атылған. Қызыл империяның қанды қылышы 1938 жылдың ерте көктемінде небары 2 аптаның ішінде қазақ елінің бүкіл саяси қаймағын «сылып» тас­тады. 25 ақпаннан 13 наурыз ара­лығында билік тұтқасындағы 650 адам түгелдей оққа байланған. ГУЛАГ құрамындағы Степлаг, Карлаг, АЛЖИР деген аттарға ие болған Қазақстандағы айдау орындарына Кеңес Одағынан 2 миллион адам қамалды.

Осындай солақай саясат және басқа да себеп-салдарлар өт­кен ғасырдың алғашқы жарты жыл­дығында ел-жұртымыз ешқа­шан ұмыта алмастай аштық қасіре­тін туғызып, 1930 жылы – 313 мың адам, 1931 жылы – 755 мың адам, 1932 жылы – 769 мың адам көз жұм­ды. Сөйтіп, 1930-1932 жылдарда барлығы 1 млн. 750 мың қазақ немесе халықтың 40 пайызы жаппай қырылды. Көптеген өзге ұлттар қазақ жеріне күштеп жер аударылды. Жиында тыл ардагері Василий Лукошен сөз сөйледі. Естеліктерімен бөлісті. Қазақ же­ріне табаны тигенде бұл кісі небары 4 жаста екен.

Бүтіндей бір ұлтты құртуға бағытталған кеңестік жүйенің бұл зардаптарын тартқан ұлт­тар аз емес. Қаралы жиында ар­уақтардың рухына дұға ба­ғышталды. Алақан жайған мұ­сылман баласы шаһид болған бауырларына Алладан рахмет, Пайғамбардан шапағат тіле­ді. Діні басқа ұлт өкілдерінің марқұм­дарына өздерінің дінбасылары да дұға оқыды.

Қазақ үшін азалы күнде көк аспанда тұнжырап, көз жасын бір сығып алды.


Қызғалдақ АЙТЖАНОВА,

«Орталық Қазақстан»

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 745
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1287
count 88x31px