Бөкейхановтың шешімі - Тарих - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Бөкейхановтың бірінші тоқтаған жері Семей қаласы еді. Орысша оқығандар бұл жерде көп болатын. Сондықтан, осы жерді таңдап алған еді. Бөкейханов жай жатқан жоқ-тын, Семейден шығатын қазақ газетіне мақала жаза бастады. Екінші Думаның әділетсіздіктерін жазды. Ресейдің Премьер-министрі Петр Столыпин қазақ жеріне жергілікті болыс, билермен ақылдаспай Ресейден елді көшіріп әкеп жатқанын сынай жазды. Онысы газет оқи білген сауатты қазақтардың құлағына жеткізу болатын. Онымен ғана тұрып қалмай кейін осындай мақалалары орысша шығатын Омбы газеттеріне берген.

1900 жылдары Тоқа болысы Шоң Телқозин­мен кездескеннен кейін жас Әлімханның жер мәселесіне байланысты оның айтқан ойлары көңілін біржола жаулап алған еді. Содан ол жерге байланысты болашақ қазақ елінің мемлекеттік құрылысы көкейінен шықпай қойды. Мұны Бірінші, Екінші Думаларда көтерген еді, бірақ оны қолдаушылар аз болмады. Содан көңілі қалған. Сол мақалалар әсер етті ме, Үшінші Думаға сайламай қойған бұны. Кейін Бөкейханов жазған мақалаларына өкімет башылары назар аударған еді. Енді, міне, губернатор бұйрығымен Бөкейхановты әкеп Павлодар түрмесіне жауып қойды. Енді губернаторлар тарапынан бұрынғы Дума депутатына ештеңе жасай алмайды деп ойлаған Бөкейханов. Бірақ басқаша болды, оны түрмеге жапқан еді. Оның орыс әйелі бұл мәселеге араласып, ақыры Әлиханды түрмеден шығарып алды. Содан кейін қазақ жерінен алыстату үшін Самара қаласына жер аударылды. Бөкейханов мұнда жандармерия бақылауында болатын. Осындай қиын жағдайда Еуропаның барлық елдерінің партиялары жабылып қалды. Масондар Ресейде бой көрсете бастады. Олардан Думада бірнеше адамдары бар болатын. Солардың:

– Сізді бұл жаққа жер аударғанына қуаны­ңыз. Сібірге емес, осында жібергеніне. Жылына адам аяғы бір-екі рет ғана басылатын Сібірге жіберсе не істер едіңіз!

– Бұл сөзіңізде шындық бар. Сібірге жіберсе ол жақтан шығу қиын болатын еді. Бұл жаққа келуім – менің әйелімнің арқасы. Санкт-Петербург оның жазған хатына көңіл бөлген болуы керек, мені екінші дәрежелі ұлт өкілі десе де әйелімнің жазғанына қарсы келе алмаған сияқты.

– Ендеше сақ болыңыз. Газеттерге жаз­ғанан гөрі Дума трибунасынан айтқан дұрыс болар.

– Бұл сөзіңізде жөнділік бар сияқты.

– Тек бізбен ақылдасып жасаңыз оны. Дума депутаттарының бәрі естісін. Сонда ол айтқаныңызда күш болады.

– Мен Думада мұны біраз айтым ғой, бірақ ешқандай нәтиже бермеді.

– Бермесе тағы да айтыңыз, уақыт өткен сайын Дума беделі өсіп келе жатыр. Патша да, басқа мықтыларда түбінде мән береді.

– Солай болады деп ойлайсыз ба?

– Сөзсіз солай болады. Сіздің мақалаңыз туралы жоғары жаққа жеткізіп жүрген Столыпин адамдары. Байқап жүрмін, қазір Столыпинге сенетін адамдардың азайып бара жатқанын. Санкт-Петербург мықтыларының аузынан естіп жүрмін бұл сөзді.

– Солай ма, бұл жақсы хабар екен,– деді Әлихан.

– Әлихан Нұрмағанбетович, бұл Столыпин саясаты жақсы емес. Бізге, масондарға да ұнамайды.

– Сонда біз не істеуіміз керек? Қандай ақыл айтасыз?

– Столыпин саясатына риза еместігін көрсетіп жергілікті халықтар көтерілісін ұйымдастыру керек.

– Біз бұдан не ұтамыз? Олардың белділерін тұтқындап Сібірге айдап жатыр.

– Патша маңайында отырғандары ойланады және келесі Думада бір шара қабылдайды, бізде де оған атсалысамыз.

– Мен оған сене алмаймын,– деді Бөкей­ханов.

– Ал үнсіз отыра бергендеріңізден түк пайда жоқ.

– Бұл сөзіңізге келісемін. Бірақ халықты көтеріп емес, қазір де Столыпин саясатына әр жерде елдер бас көтеруде. Оларды қолма қол басып тастап жатыр. Ең дұрысы қазақтың сорпа бетіне шығатындарының мықтыларынан хат ұйымдастыру керек патшаға. Мен соны айтып едім, көп адамдар келісе коймады. Бақытжан Қаратаев, басқа да Екінші Думаға сайланғандар менімен келіспеді, содан кейін қойдым. Қазір туған жерімнен алыстамын. Қазақ жеріндегі газетке мақала жазуды да қойдым. Соны жіберейін деп отырмын.

– Ал жіберіңіз, одан не шықты? Ең дұрысы Думаға қайта кіруге тырысыңыз, – деді Харитонов.

Содан трактирде екеуі біраз отырып айырылысқан еді. Харитонов айтқан, біз масондар Орта Азия халықтары өкілдерінің парламентке көп болуына жағдай жасау үшін күресеміз. Сіздерді де қолдаймыз.

– Мен бұған сенемін...

Өйткені, бұл айтқаны Әлиханның көңілінен шыққан сөз еді. Содан кейін әлгі сөзді айтып тұрған болатын. Екеуі де жақсы күйде қоштасты.

Әлихан көңіліне бір үміт тастап кеткендей болды мына адамның сөзі. Қоштасып тұрып Харитонов айтқан:

– Сіз осы біздің партияға еніп, осы пікірді неге өткізбейсіз.

– Сіздің партияларда сондай күш бар деп ойласыз ба?

– Бізді Екінші Думадағыдай деп ойламаңыз. Біздің партия қазір одан әлдеқайда күшейіп кеткен.Төртінші Думада сіздерді қолдаймыз. Оған қазір шамамыз жетеді.

– Давид, бұл айтқаның көңілден шығып отыр. Біздің «Алаш» партиямыз бар ғой. Соларды басқарып отырған адамдармен ақылдасып алу керек екен.

– Сіз партия басшысысыз, олар сіздің айтқаныңызға қарсы келе қоймас.

– Сіз «Алаш» партиясы басшыларын масондар партиясы башыларымен салыстырмаңыз. Біздер өткен сайлауда өтпей қалдық емес пе?

– Олай болса ол партиядан шығып бізге кіріңіз. Біз күшейсек сіздерге де пайдамыз тиеді.

– Давид, оны жасасам партия мүддесін сатқаным болады ғой, онда.

– Мұнда ешқандай сатқындық жоқ. Қайта сіздердің айтқандарыңызды жүзеге асыруға көмектесеміз. Әйтесе де, ұлтық партияларға онша мән бермейді орыстар. Сол себепті, Орта Азиядан сайланатын депутаттар санын азайтып тастады ғой.

– Бұл айтқаның да ойланатын мәселе екен. Барлық басшылармен ақылдасып көрейін.

Мына сөз көңілден шыққан болуы керек, Харитонов бір ризалықпен Әлихан қолын қайыра қысты. Ол сыртқа шықса әйелі Елена Яковлевна тыста күтіп жүр екен. Харитонов өз жөніне кетті де Әлихан әйелінің қасына келді.

– Ұзақ отырдың ғой, деді әйелі.

– Біраз пікір алыстық.

Әйелі Әлиханның масондарға жақындас­қанын жақтырмайтын. Содан кейін сұраған.

– Тура Харитоновтың айтқанына көніп қалғандайсыз ба? Сонда масондар партиясына кіруге келесің бе?

– Жоқ. Мен «Алаш» партиясын басқарамын ғой.

– Сіз не дедіңіз?

– Бұл қиын сұрақ ғой. Ойланып көрейін, басқалармен ақылдасайын, – дедім.

– Сен, Әлихан, ешқайсына кірме. Сол «Ал­аш» партиясының басшысы болып жүре бер. Одан кетсеңіз киргиздар арасында беделі­ңіз түседі.

– Неге олай дейсің?

– Масондар да, басқалар да сіздерді шатастырады.

– Менің өз ойым Коммунистік партияға бір тармақ болып кірсем бе, – деймін.

– Ол да қажет емес. Ана масондар дінге сенеді. Керісінше, Коммунистік партия ешқандай дінді мойындамайды.

– Сен оны қайдан білесің?

– Анау Харитонов да екі жүзді адам. Оның өзі де еврей болуы мүмкін. Діншіл адамдардың біразы масонға кірген. Олар солай дін адамдарын да алдап жүр. Еуропада тұрған еврейдің дініндегілері масонға кірген. Еуропа елдерінің башылары соны біліп, масондар клубтарын жауып тастаған баяғыда. Егер сол халыққа адал болса оны жасамайды ғой. Сондықтан, олардың көпшілігі Ресейге келді. Олар дін саясатын қатты жүргізеді. Бірақ олар да орыстарға адал емес. Өз жағдайларын ойлайды. Қазақтарға да адал болмайды. Харитонов еврейден ғой, оның тілін ала бермеңіз. Олардан аулақ жүріңіз.

– Біз бір партиямен бірікпесек келесі сайлауда тағы да Думаға өтпей қалуымыз мүмкін.

– Сіз кадеттерге жақын жүрсіз, меньшевиктер, басқа да партиялар толып жатыр. Солардың бірімен байланысу керек. Коммунистерге де, масонға да кірудің керегі жоқ.

– Қазір байқаймын, большевиктер күш алып бара жатыр. Сондықтан, соларға кірген дұрыс қой деймін. Олар жер халықтыкі деп жүр ғой.

– Оның ар жағында қандай ой жатқанын қайдан білесіз?

– Иә, әзірге анықтап айтқан жоқ.

– Олар жер мемлекеттікі болуы керек деп жүр. Онда қазақ жерін де мемлекеттікі дейді. Өзіңіз де оқыдыңыз ғой, Бірінші Николай да жер мемлекеттікі деген жоқ па? Оның айтқанын оқыған жоқсыз ба? Қазірдің өзінде патша орыстарға қазақ жерін алып беріп жатыр ғой. Оған да сол Николай Біріншінің сөзі себеп болып отырғаны сөзсіз...

Мына сөзге Бөкейханов ойланып қалды.

Содан олар Самарда Елена туысқан­дарының үйінде тұрып жатты. Содан 1912 жылы 6 қазанда Санкт-Петербургке баруға рұқсат берді. Бұл кезде Үшінші Дума отырысы өтіп жатқан. Өкімет саясаты да біраз жұмсарған еді. Орыстар Думасында 21 халықтың депутат бар еді. Соның бірі Бөкейханов болатын.

Мұсылмандар тобындағы қазақ Мұстафа Шоқай мен Әлихан арасында келіспеушілік болды. Шоқай айтты, Түркістан республикасын құру үшін күресейік деді. Бұған Әлихан қарсы шықты. Ол біздің шамамыз келмейтін шаруа. Біз, бәрін қойып қазақ жерін біріктіретін іс жасайық деді. Содан орыстар заңын жетік білетін екі қазақ сөздері қабыспай қалды. Мұстафа шет елге шығып кетті де, Бөкейханов өзінің саяси жұмысын Кенес елінде жүргізе берді. Сол Төртінші Думада большевиктер фракциясы төртінші орын алды. Бұрын да көңілі соған кетіп жүрген Бөкейханов «Алаш» партиясының саясатын соларға жақындатты. Большевиктер қатарында грузиндер бар еді, солардың бір Церетелимен сөйлескен еді Әлихан. Енді үкімет басқаруға Трепов келеді деген еді. Бұл айтқаны тура келді. Сондықтан, Бөкейхановтың Церетели айтқанына сеніп жүрді. Тұрақты үкімет құлап, оның орына уақытша үкімет сайланды. Уақыт өткен сайын большевиктер күшейе берді. Енді барлық жаңалық солардан келетініне Бөкейханов сенді. Харитонов сөзінің Бөкейхановтың көңілінен шыққан жағы бар еді. Алайда, ол масондардан алыстады.

Ақыры коммунистер жеңіп, Кенес өкіметі құрылды. Бөкейханов соларға біржола берілді. Солардың идеясына сай саясат жүргізді. Ол солардың идеясын жақтап сөйледі. Партиялардың бәрі жабыла бастады. Дегенмен, «Алаш» партиясы сақталып қалды. Ол да бұдан кейін ұзаққа барған жоқ. Оны жауып тастаған еді. Ажал да оған коммунистік партиядан келді. Әлиханды ұлтшыл деп түрмеге жауып, атып тастады.

Қанат Жойқынбектегі.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 779
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px