Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 11.12.2017

ҚР Тәуелсіздігінің 15 жылдығында, яғни 2006 жылдың 12 желтоқсанында Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің бас ғимаратының кіре берісінде Академик Евней Бөкетовке арналған ескерткіш ашылды.

 

Ескерткіштің авторлары –

ҚР Суретшілер одағының мүшесі, «Достық» орденінің иегері А.Билык және Сәулетшілер одағының мүшесі, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты С. Мордвинцев. Е.Бөкетовтің мүсіні қызыл граниттен жасалған тұғырда орналасқан. Мүсін қоладан құйылған. Е. Бөкетов ескерткішін тұрғызу туралы шешімді көрнекті ғалымның 80 жылдығына байланысты ҚР Президенті Н.Назарбаев пен республиканың ескерткіштер мен монументтер жөніндегі Мемлекеттік комиссиясы қабылдаған болатын. Евней Арыстанұлы Бөкетов (1925-1983) атақты ғалым, химия және халькоген технологиясының ғылыми негізін қалаушы, Қарағанды мемлекеттік университетінің бірінші ректоры, академик КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Академиктің биік тұғырға тұрғызылған еңселі бейнесінде - өткен өмірді саралап болашаққа барлай қарап тұр. Қолымен кафедраға сүйеніп тұр. Сол қолында - кітап оның жазушылық еңбегін паш етіп тұрғандай.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 8733
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1199
count 88x31px