Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары! - Тарих - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Құрметті

Қарағанды облысының тұрғындары!

Біздің мемлекетіміздің ерекше күндері арасында назардан тыс қалдыруға болмайтын маңызды даталар бар. Солардың ішіндегі ең салмақтыларының бірі – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.

Бұл күн Қазақстанда жиырма жылдан астам уақыттан бері ескеріліп келеді. Атаулы күн біздің халқымыздың бастан өткізген азалы тарихының қаралы беті ретінде аса үлкен маңызға ие.

31 мамыр күні біз мыңдаған адамдардың ғана емес, жүздеген ұлттардың тағдырын өзгерткен тоталитарлық жүйенің құрбандары алдында басымызды иіп, тағзым етеміз. Олардың арасында жазықсыз жапа шеккен жандар, ұлттық элитамыздың өкілдері, бүгінгі Қазақстан халқының мақтанышына айналған зиялы тұлғалар болды. Бұл жандар өлкеміздің, еліміздің өркендеуіне елеулі үлес қосқан азаматтар еді.

Бүтін бір халықтар қуғынға ұшырады. Әр жылдары Қазақстанға жүз мыңдаған немістер, поляктар, корейлер мен өзге де ұлттар көшіріліп әкелінді. Сол кезеңнің қиындықтарына қарамастан қазақ халқы олардың барлығын құшақ жая қарсы алды. Қонақжай қазақтың кең пейілінің арқасында қоныс аударушылар тоталитарлық жүйенің езгісінен аман қалды.

Саяси қуғын-сүргін жылдары келмеске кетті. Алайда, сол қаралы уақытта шейіт болған адамдардың есімі жадымыздан мәңгі өшпейді. Көпұлтты және көпконфессиялы мемлекет негізінде құрылған Қазақстан жерінде заңсыздық жайлаған заман қайта жанданбайтындығына біздің конституциялық құрылымымыз кепіл.

Барлық жазықсыз сотталғандар, лагерлерде қаза тапқандар, туған жерінен аяусыз көшірілгендер жадымыздан ешқашан өшпейді!

Ортақ Отанымызда бейбітшілік пен келісімде тұрып жатқан халқымызға береке мен бірлік тілейміз!

 

Н.ӘБДІБЕКОВ,

Қарағанды облысының әкімі.

Р.ӘБДІКЕРОВ,

облыстық мәслихаттың хатшысы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 442
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px