Тарих табалдырығында - Тарих - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Жуырда Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар ӘУБӘКІРОВТІҢ 70 жылдық мерейтойына және хакім Ақжан әл-Машанидің 110 жылдығына орай Қарқаралы аудандық мемлекеттік мұрағатының бастамашылығымен О.Жәутіков атындағы №1 қазақ орта мектебінің оқушылары «мамандық таңдау» пәні бойынша мұрағатта болып қайтты.  Г.Асауова, Қ.Садуақасова, Ж.Жүндібаева сынды жоғары санатты мұрағатшылар бастап барған игі шара – Ақжан әл-Машанидің өмірі мен ғылыми, әдеби жұмыстары және Ислам дініне деген оң көзқарасы жайлы терең әңгімемен маңызды еді. Мұрағат ардагері, жергілікті өлкетанушы Саят Қуанышбайұлымен кездескен мектеп оқушылары деректі әңгімеге ден қойып, тарихқа таным тұрғысында терең бойлады.   

Сонымен қатар, бүгінгі таңда Қарқаралы мұрағатында сақтаулы тұрған, 1940 жылы жарық көрген СССР-дің «Құрмет кітабына»  батыр Тоқтардың әкесі – Әубәкір Оңғарбаев атамыздың есімі енгізілгені анықталған болатын. Онда «Онгарбаев Аубакир, кузнец колхоза «1 мая» Каркаралинского района в 1938-1939 гг. обеспечил своевременный ремонт инвентаря»  деп жазылыпты.

Бұл, тың деректің анықталуы – Тоқтар ағамыздың 70 жылдық мерейтойына Тәңірдің тартуы іспетті. Оқушылар осы кітаптың көшірмесін жасап, аудан музейіне тапсырмақ ойларын жеткізді.

Сондай-ақ, аталған тарихи кітап бетінің тұсаукесерін де Қарқаралы қаласындағы №1 орта мектеп оқушылары кесті.

Бұл шара шын мәніде жас жет­кіншектердің мұрағат ісіне деген ілтипатының айғағындай еді.

Г.АСАУОВА,

Қарқаралы ауданы мемлекеттік мұрағатының жоғары санатты мұрағатшысы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 353
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px