Оқырманның судья кітап оқи ма деген сауалы «білсем» деген адами мінезге сай әрі қоғамға тән құбылыс.
Адам баласы «білсем» деген жолда жақсылыққа да жолығады, жамандыққа да кезігеді, ұзақ жолда мінезі өзгеріп, пайдасы мен зиянын анық айыра алмай, адамшылығына нұқсан да келтіреді.
Адасқан жанды бұрыстан дұрысқа салуға, адам мінезін түзеуде тәрбие қажет. Тәрбиелі адам, ұрпақ өсіру құқықтық мәдениеттің ең биігі. Биікке жетелейтін тәрбиеші, ең тиімді тәрбиелік құрал – әдебиет.
Немістің филологы Фридрих Август Вольфтің анықтамасы бойынша әдебиет – замандастарын ағартуға бағытталған, тек қана бір жеке қаста, олардың лауазымдық мақсаттары мен қажеттілігіне қарай, ғана емес, өзінде ең жоғары идеяларды сезінетін әрбір саналы халықтың өкілі ортаға барын салған шығармалар кешені.
Адам баласы өміріне қатысты әлемде небір философиялық, тарихи, ғылыми- танымдық, көркем әдебиет бар, сан ұрпақтың ақылы мен еңбегінің нәтижесін жинақтаған бұл бітіктермен әр мамандық иесі танысуға ықыласты, онсыз өмір өндірісінде өсіп-өнуге жол жоқ.