Айыппұл төлемеудің жолын іздейік - Құқық - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Аталған бап бойынша аудандық сотқа екі айда 26 әкімшілік іс түсіп, қаралды. Оның ішінде 20 құқықбұзушыға әкімшілік айыппұл салынса, 6 тұлға әкімшілік қамауға алынды.

Мысалы, жуырда бір азамат бір жылда екі рет «Алия» дүкенінің жанында темекі қалдығын тастағандықтан, яғни, қоғамдық тәртіпті, төңірегіндегілерді сыйламағандықтан, ӘҚБтК-нің 434-ші бабының 2-бөлігіне сәйкес, ұсақ бұзақылық жасағандықтан 1 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Ал, келесі бір азамат «Құрмет» дүкенінің жанында шекілдеуік қалдығын тастап, ӘҚБтК-нің 434-ші бабының 1-бөлігі бөйінші ұсақ бұзақылық жасап, 14847 теңге айыппұл салынған.

Міне, жоғарыда көрсетілген салғырттықтан көптеген адамдар қалтасын қағып, мемлекет пайдасына айыппұл төлесе, кейбіреуі қамауға алынуда. Сондықтан да, қоғамдық тәртіпті бұзбай, төңірегімізді, қоршаған ортамызды сыйлап, тазалықты сақтайық.

Ә.РАХЫМЖАНОВА,

Жаңаарқа аудандық

сотының бас маманы.

ЖАҢААРҚА ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 223
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px