«Бомба бар» деп... - Құқық - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

«Бомба бар» деп...
Нұрқанат ҚАНАФИН,
«Орталық Қазақстан»

Жексенбі күні Қарағандының керуенсарайындағы жұрт дүрлікті. Себебі сол – белгісіз біреу Абай аудандық ІІБ-не «Алматыға жол тартқан 42 жасар ер адамның сөмкесінде бомба бар» деген хабар жеткізген.

Ақпарат бойынша дереу іске кіріскен полицейлер вокзалдағы 245 адамды сыртқа шығарды. Мәліметте көрсетілген жолаушыны тауып, сөмкесін тексерді. Алайда, ақпарат расталмады. Тәртіп сақшылары сол күні-ақ жалған қоңырау шалған азаматты өз пәтерінде қолға түсірді. Кінәсін мойындаған айыпкер бұл іске қызғаныштан барғанын айтыпты. Ішімдікке тойып алған ол әйелін қызғанып, әлгі жолаушыға кесірін тигізбек болған. Енді, «қызғаншақтың» үстінен іс қозғалуы мүмкін.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 291
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px