Еңбеккер мүддесі – мінсіз қорғауда - Құқық - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 10.12.2016

Еңбеккер мүддесі – мінсіз қорғауда
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
«Орталық Қазақстан»


Қарағанды облысы прокуратурасы тарапынан қолға алынған пәрменді шаралардың нәтижесінде мекеме-кәсіпорындардың 6 мыңнан астам еңбеккеріне жалпы сомасы 0,5 млрд. теңгені құрайтын жалақы берешектері төленді. Бұл  ақпаратты облыстық прокуратураның баспасөз қызметі таратты.

Заңдылықты сақтау сала­сын­дағы құзырлы органның ресми мәлі­меттеріне сү­йен­сек, 2015 жылы про­курорлық қадағалау ша­ра­лары­ның арқасында жекелеген кәсіпорындардың жұ­мыскерлері өз­дерінің еңбек құқықтарының қор­ғалуына қол жеткізіп келеді.
Мәселен, Теміртау қаласы про­­куратурасының «Теміртау эл­ек­трометаллургия комбинаты» АҚ басшылығының атына шы­ғар­ған ұйғарымы бойынша 1,5 мың жұмыскерге сомасы 53 млн. тең­геден астам көлемдегі жалақы берешектері төленген.
Өткен жылды есепке алма­ғанда, биылғы жылдың басынан бергі кезеңде 300 адамға 15 млн. теңгеден астам жалақы бойынша берешектері өтелген екен. Атап айтқанда, «Жезқазған музыкалық кол­леджі» коммуналдық-мем­лекеттік кәсіпорыны 4 млн. теңге­ден астам берешек қар­жыны толық төлеген. 7 кәсіпорын өз еңбек­керлері алдындағы берешектерін іш­інара қайтарып үлгерген.
Қысқасы, адамдар еңбегінің қайтарымы бойынша күрделі жайт қалыптасқан кәсіпорындардың жалақы бойынша берешектері екі есеге азайыпты, нақтылай түссек, берешек қаржы көлемі 2015 жылдың басындағы 154 млн. теңгеден жыл соңында 74 млн. теңгеге дейін шегерілген.
Прокуратура уәкілетті орган­дардың іс-қимылдарын үйлестіру жолымен  жұмысын тоқтатқан «TROY Tech» ЖШС-нің 120 жұмыс­керіне сомасы 37 млн. теңгеден астам жалақы берешегінің төленуін қамтамасыз етті. Аталған кәсіпорын қарыз ауыртпалығын үш жыл бойы «арқалап» келген.
Сонымен қатар, аталған мақсат­тағы тиісті жұмыстар жалақыға қатысты берешектері бар банкрот-кәсіпорындармен де өткізілуде.  Соған орай, әр кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасалып, жалақыны уақытында және толық көлемде төлеуге кедер­гі келтіріп тұрған мән-жайлар анық­талды.
Жұмыс  бабындағы кең­ес­терінде аталған кәсіп­орындардың іс-қимы­лына мониторинг жүргізіп, өзекті мәселелерді талқылау 2015 жылдың  4-тоқсанында үш банк­рот-кәсіпорынның («Болат» ЖШС сомасы 37,6 млн. теңге – 75 жұмыс­керге, «ИНВЕСТКОМ - 2030» ЖШС 0,3 млн. теңге – 1 жұмыскерге, «Сараньрезинотехника» ЖШС сомасы 0,7 млн. теңге – 1 жұмыскерге) еңбеккерлерге бере­шектерін төлетуге мүмкіндік берді.
Еңбек заңнамасы саласында тындырымды шаралардың атқарылып отырғанын 2015 жылы және 2016 жылдың өткен кезеңінде 108 прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, олар бойынша 31 лауазымды тұлғаның тәртіптік, ал, 18 тұлғаның әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны айғақтай түседі.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 214
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1095
count 88x31px