Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 17.06.2019



Дөңгелек үстелге мүдделі мекемелердің өкілдері қатысты. Атап айтқанда, Қарағанды қаласы прокурорының аға көмекшісі М.Бекшебаев, Қарағанды қалалық әділет басқармасының бастығы А.Түсіпбеков және тағы көптеген заң қызметкерлері мен заңгер ғалымдар қатысты. Сонымен қатар «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Қазақмыс» корпорациясы, «Қарағанды сыра заводы» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның облыстық филиалының, «Казкомерцбанк» АҚ-ның облыстық филиалының заң кеңесшілері қатысып отырды.

Жиында «Достасу» медиация және құқық орталығының директоры Е.Ахметова «Қазақстанда медиацияны пайдалану тәжірибесі, болашағы мен проблемалары» деген тақырыпта хабарлама жасады. Ол өз сөзін слайдтар мен бейнематериалдар арқылы толықтырып нақты түсінік берді. Ол бұдан кейін дөңгелек үстелге қатысушылар арасында тренинг өткізді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар медиация институтының артықшылығы және кемшілігі туралы қызу пікір алысты. Жалпы алғанда, дөңгелек үстел қызықты өтіп, қатысушыларға пайдалы жақтары көп болды.

Серік ОЛЖАБАЙ.


 Пікірлер: 0
 Оқылған: 726
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1287
count 88x31px