«Серт еттім саған, туған ел!..» - Құқық - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

 

Салтанатты іс-шараға Ішкі істер органының басшылары, ар­да­герлері, ата-аналар және арнайы шақырылған қонақтар қа­тыс­ты. Ашылу салтанатында Қа­рағанды облысы ІІД бас­ты­­ғының орынбасары, полиция пол­ковнигі Ардақ Ынтықбаев сөз сөйледі. «Қадірлі жастар, сіздер, Қазақстан Республикасы полиция­сы күні қарсаңында Қазақстан Рес­публикасының ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатарына қосылуға Ант қабылдайсыздар. Сонымен қатар, алғашқы рет арнайы шен алған қызметкерлерге салтанатты түрде погон тапсырылады. Офицерлік шен тағу үлкен жауапкершілік жүктейтінін естеріңізден шығармағандарыңыз абзал. Сіздер халқымызға адал­дықпен үлгілі қызмет етуге тиістісіздер. Әрбір полиция қыз­меткерінің басты қасиеті – алдымен Отанымыз Қазақстан Республикасына сүйінпеншілік таныту, өз борышын атқарғаны үшін жоғары жауапкершілік сезімі, күш-жігері, еркіндігі, құқықтық сауаттылығы екенін есте сақтауларыңыз қажет. Сіздер Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатарына қосылып, өмірдегі қиыны мен қызығы қатар жүретін игілікті істі таңдадыңыздар. Бұл жол сіздерден шыдамдылықты, төзімділік пен адамгершілікті талап етеді. Сіздердің әрқайсыларыңызға шын жүректен сәттілік, қажырлы еңбек етуге және заң өкілдері деген атақты абыроймен алып жүруге тілектеспін!» деп барша жас қызметкерлерді Қазақстан полициясы қатарына қосылуларымен және Қазақстан полициясы күнімен құттықтап өтті.

Ары қарай алаңда жеке құрам қызметкерлері сапқа тұрғызылып, 30 қызметкер адал, батыл және тәртіпке қатал жауынгер болуға және өмір бойы Отаны Қазақстан Республикасын қорғаймын деп ант берді. Бұдан бөлек, 12 жас қызметкерге алғашқы арнайы атақтары берілді.

Қарағанды Б.Бейсенов атын­дағы заң академиясының түлегі облыстың бас сақшысының қолынан лейтенант атағын алғанына қуанышты екенін айтты. «Академия қабырғасында жүріп алған білімді әрі қарай шыңдап, Ата Заңға қашанда адал болып, қоғам тәртібін сақтау жолында бар күш жігерімді салуға дайынмын» деді ол өз сөзінде. Мерекелік шара соңында гарнизон жеке құрамы салтанатты шерумен жүріп өтті.

Ант қабылдау шарасы – жас қызметкерлердің қызмет жолын бастаудағы ең бірінші қадамы деп білеміз. Жас сақшылар келешекте туған еліміздің алдында антына – адал, сертіне – берік болса деген үмітпен қызмет жолдарына ақ жол тілейміз.

Әсемхан САҒАТҚЫЗЫ,

Қарағанды қаласы ІІБ МТАБ жетекші маманы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 705
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px