Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 17.06.2019



Елбасының биылғы Жолдауында қамтылған басым ба­ғыттың бірі – сот жүйесі қыз­метінің сапасын жетілдіру. Жол­­дау жүктеген міндеттерді жүзеге асырудың жарқын кө­рі­нісі ретінде облыстық сот басшылығы ұйытқы болған осы шараны атауға әбден болады.

Алдын ала жасалған құлақ­тан­дыру бойынша облыстық сот төрағасының қабылдауына 20-ға жуық азамат қатысты. Бір таң қаларлығы – Шахтин­скідегі қабылдауға облыс ор­талығынан да тұрғындар барып, мұң-мұқтаждарын айтты. Қабылдауында болған әр аза­матқа Ермек Қуандықұлы бү­гінгі жүздесудің маңызы мен мақсатын тәптіштей түсіндіріп:

Шешімін таппай жүрген сұрақтарыңызды ашық айтыңыз­дар. Сіздердің әрқайсыңыздың құқықтарыңыз заңмен қорғалады. Біз сіздерге қолданыстағы заң аясында қолдау көрсетуге әзірміз, – деді.

Қала тұрғындары өздерін тол­ғандырып жүрген сұрақтарын көлденең тартып, көкейлерінде жүрген түйткілдерін ашық жеткізді. Сұрақтардың дені – пәтер дауы. Мәселен, кешегі экономикалық дағдарыс кезінде пәтерлерін тас­тай көшкен елдің иесіз пәтер­лерін жөндеп, мүмкіндігінше заң­дастырып алған азаматтар алданғандарын енді білген. Кезінде керек болмаған пәтерлерін ең құнды мүлікке балап шыға келген бұрынғы қожайындар бітпес дауға себеп болып отыр. Сондай-ақ, жеке меншік кәсіпорындарда жұмыс істеп, ұзақ уақыттан бері жалақы ала алмай жүргендер жүгінді сот билігіне. Өз ісін дамытуда кедергіге ұшырап жүрген кәсіпкерлер де шағымдарын айтты. Сот төрағасының қабыл­дауында болғандардың қатарын­да әділ сот билігіне алғыс арнай келгендер де кездесіп жатты. Мысалы, қаладағы №6 орта мектептің директоры И.Ду­ла­­тованың пәтерін сыртынан әлдебіреу заңдастырып ал­ған. Осы мәселеге қатысты істі қа­рап, дауды өз пайдасына шешіп берген қалалық соттың судьясы Р.Дурдыевтың әділдігіне ла­йықты баға бере келіпті И.Ду­латова ханым.

Әр мәселеге зор жауапкершілікпен үңілген сот төр­ағасы Е.Серікбаев сотта бұ­рын қаралған кейбір істерді мұ­­рағаттан алдыртып, мәселенің мәнісін егжей-тегжейлі қарады. Қалалық сот судьяларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Қабылдаудан кейін облыстық сот төрағасы қалалық сот ғи­маратына жасалып жатқан күр­делі жөндеу жұмыстарының барысымен танысып, құры­лыс жұмыстарына көңілі тола­тын­дығын жеткізді.

Сот билігінің ашықтығы мен мөлдірлігіне кепіл боларлық мұн­дай шаралар алдағы уақытта облыстың барлық қала, аудандарында жалғасын таппақ.

Ерсін МҰСАБЕКОВ,

«Орталық Қазақстан»

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 586
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1287
count 88x31px