Әскери ант қабылдады - Құқық - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

Біздің халық ежелден Отан үшін төккен тердің бағасын бағамдай білген. Оның ішінде, қастерлі Отан-Ананы қорғау – ең асқақ парыз, абыройлы міндет екенін жас сарбаздар да жақсы біледі.

Ант қабылдау – Отаныңа, халқыңа адал болу, ел басына күн туса, оны ақтық демің қалғанша қорғау, қажет болса, жан қию деген сөз. Осылайша, ант қабылдаған сарбаз – біздің ұлан-ғайыр жерімізді ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғаған жаужүрек ата-бабаларымыздың ерлік жолын жалғастырушыға, елдің қорғанына, сенім арқалаған азаматқа айналмақшы.

Салтанатты рәсімде 31775 әскери бөлімінің 30 жас сарбазы ант қабылдады. Отан үшін отқа түсер азаматтарымыздың өміріндегі бұл жауапты қадамына облыс басшылығы, Астана өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Сұлтан Кәмалетдинов, өзара іс-қимыл жасайтын орган­дардың өкілдері, сондай-ақ, ант қа­былдаушылардың ата-ана, туған-туыстары қатысты.

 

Думан ҚҰРМАНҒАЛИЕВ.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 777
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px