Сот жұмысы – сапалы - Құқық - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Сот жұмысы – сапалы
Мемлекеттік биліктің бір тармағы – сот билігінің тікелей жү­зеге асырушысы – сот органдары. 1928 жылдың 17 қаңтарында Семей губерниясы, Қарқаралы аймағы құрылып, осы жылы Қазақ АССР-нің Жоғарғы Сотына қарасты Қарқаралы аумақтық соты да жұмысын бастады.
Қарқаралы аудандық соты 1995 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің №2694 Жарлығымен Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық соты болып бекітілді.
Тоқсан жылдай мерзімде Қар­қаралы аудандық сотын бірқатар азаматтар басқарған. Мұрағатта сақ­талған деректер бойынша алғашқы жылдары сот төрелігін атқарғандар  С.Садықов, О.Рахымжанов, Қар­табайұлы (есімі көрсетілмеген), Б.Исаұлы, Ф.Ильметов, Г.Жұмаділов.
Өткен ғасырдың  40-шы жылдары 12 жыл қызмет атқарған А.Қаукенов, 70-ші жылдары сотты 11 жыл басқарған Қ.Аманжолов, 1977-1998 жылдары еңбек сіңірген  Б.Кервенов.
Бүгінгі күні Қарқаралы аудан­дық сотының құрамында сот төрағасы М.Қасымбеков, судьялар М.Мұхам­бетқалиева, Е.Боранбаев сот төре­лігін атқарып отыр. Аудандық сот – Қарағанды облысының аудандық, қалалық соттарының  ішінде алдыңғы қатарда көрініп жүрген соттардың бірі. 2015 жылдың 12 айында 57 қылмыстық іс  қаралды, апелляциялық сатыға 3 іс жолданып, 1 үкім өзгертілді, 2 үкім күшінде қалдырылды. 546 азаматтық іс қаралды, апел­ляциялық сатыға жолданған 4 іс бойынша шешімдердің барлығы да күшінде қалдырылды.  Есеп жылы 575 әкімшілік іс қарал­ды,  апелляциялық сатыға 4 әк­ім­­шілік іс жолданды, 1 іс бойынша қаулы бұзылды, 2 қаулы өзгеріссіз қалдырылды, 1 қаулы өзгертілді. Қазір жалпы соттың сот төрелігін атқару сапасының көтерілуі байқалып отыр. Бұған себепші болып отырғандар – жас судьялар М.Мұхамбетқалиева, Е.Боранбаев десек болады. Елбасымыз қойып отырған талаптарға сәйкес судьялар қызметтерін үлкен жауапкершілікпен атқарып, заңды шешім қабылдап отыр.   
Сот төрелігінің қызметін сапалы атқаруға ат салысып отырған судья­лардың көмекшілері – кеңсе қыз­меткерлері. Кеңсені басқарып отырған А.Камерленова жиырма жылдан астам Қарқаралы аудандық сотында қызмет атқарып жүр. Бұдан басқа Р.Хамитова, Ж.Нұрмағанбет, Г.Ақбаева, Д.Дәуренқызы, осы ма­қа­ланың авторы – үлкен тәжіри­белері  бар білімді де білікті сот қызметкерлері.
2015 жылы Қарағанды облысы бойынша аудандық және оған теңестірілген соттардың жұмысын үздік ұйымдастыру бойынша бай­қауда Қарқаралы аудандық соты II орынға ие болды. Дәл осындай байқауда 2014 жылы  аудандық сот ұжымы III  орынды жеңіп алған болатын. Қарқаралы аудандық сотының көрсеткіштері жылдан-жылға алға басып, халыққа қызмет көрсету сапасы жақсаруда.

Ж.АБДРАХМАНОВА,
Қарқаралы аудандық сотының маманы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 281
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px