Сыбайлас жемқорлыққа – тегеурінді тосқауыл - Құқық - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Сыбайлас жемқорлыққа – тегеурінді тосқауыл
Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы күрес пен тиімді іс-қимыл мәселелері – барлық уақытта және кез келген қоғам үшін өзекті. Осы проблеманың шешілу деңгейінен кез келген мемлекеттің қауіпсіздігі, салауаттылығы және болашағы тікелей тәуелді.
Қазақстан Републикасы Үкім­етінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» №234 қаулысын орындау мақсатында Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы Қазақстан Республикасының 2015-2017 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі өз іс-шаралар жоспарын бекіткен.
Аталған жоспарды орындау шеңберінде 2015 жылы ай са­йын тексеру комиссиясының қызметкерлерімен Қазақстан Рес­публикасының қолданыстағы заң­намасын түсіндіру бойынша, оның ішінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша техникалық оқу жүргізілген, сондай-ақ, мемлекеттік аудит объектісіне шығу алдында нұсқама өткізілген, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері тексеру комиссиясының аппараттық кеңестерінде қаралады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, тексеру комиссиясының сайтында тексеру комиссиясы төрағасының (зайыбы мен кәмелетке толмаған балалардың) және тексеру комиссиясы мүшелерінің табысы, шығыстары туралы, мүлкі және мүліктік сипаттағы міндеттемелері туралы мәліметтердің орналастырылуы ұйымдастырылған.
Тексеру комиссиясының үй-жайында Сенім телефонының (тел. 42-14-99) нөмірі мен тексеру комиссиясы төрағасының және мүшелерінің азаматтарды жеке қабылдау кестесі көрсетілген ақпараттық стенд орналастырылған.
Тексеру комиссиясының басшылығы сенім телефонының жұмыс істеуі туралы хабарландыруды, сондай-ақ, азаматтарды жеке қабылдау кестесін тоқсан сайын мемлекеттік және орыс тілдерінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
Жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштеріне арнал­ған пошта жәшігі Қарағанды қаласы әкімдігінің 1-қабатында орна­ластырылған.
Тексеру комиссиясының үй-жайын­дағы ақпараттық стендте сыбайлас жемқорлық құқық бұзушы­лықтарға қарсы іс-қимыл бойынша ақпарат, сондай-ақ, жүргізілген тоқсан сайынғы мемлекеттік қызмет­шілердің қызметін ішкі бағалауға сәйкес үздік жұмыс нәтижелерін көрсететін тұлғалар жөнінде ақпарат орналастырылған.
Тұрақты негізде тексеру ко­мис­сиясының тәртіптік комис­сия жұ­мысын мониторингілеу жүр­гізілуде. Бұдан басқа, тексеру комиссиясының басшылығы бағалы сыйлықтарды қабылдауды регла­менттейтін сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған.
Бір сөзбен айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша барлық іс-әрекеттер Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы қызметшілерінің тарапынан сыбайлас жемқорлықтың, лауазымдық құқық бұзушылықтардың, заңсыз әрекеттердің алдын алуға және жолын кесуге, осы  жағымсыз құбылысты толық жоюға бағытталған нақты ұстанымдар бар.

Қарағанды облысы
бойынша тексеру комиссиясы. 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 260
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px