Тегеурінді талаптар – реттілік кепілі - Құқық - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

Тегеурінді талаптар – реттілік кепілі
Қарағанды гарнизоны Әскери полиция бөлімі әскери автомобиль полиция бөлімшесінің бастығы, майор Дархан САРБАЛАҚОВ гарнизонға қарасты әскери бөлімдер мен мекемелер жеке құрамдарының кәсіби дайындығы мен құқықтық сауаттылығын арттыру және жол қауіпсіздігі ережелері талаптарын орындауды нығайта түсу мақсатында арнайы іс-шара өткізді.
31775 әскери бөлімінде ұйымдастырылған мақсатты шара барысында Қарағанды гарнизонының әскери бөлімдері мен  мекемелерінің әскери көлік құралдарын пайдалануға жауапты лауазымды тұлғаларына Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі  «Жол қозғалысы туралы» № 194-V Заңының негізгі қағидалары егжей-тегжейлі түсіндірілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 10 ақпандағы №70, №72 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының 2015 жылғы 7 желтоқсандағы №620 бұйрықтарының талаптары терең зерделенді.
Ресми тіркелген деректер бойынша әскери және жекеменшік көліктердің қатысуымен орын алатын апаттар саны көлік құралдарын пайдаланудың ұйымдастырылуын жақсарту жөніндегі іс-шаралар мен регламенттік реттіліктер жөніндегі құжаттардың талаптарына қарамастан, жыл санап ұлғайып келеді. Қолданыстағы көліктердің саны белгілі бір деңгейде кемісе де жол-көлік оқиғаларынан зардап шегетіндердің сандық көрсеткіші шегерілмей отыр.
Міне, осынау өзекті жайтқа байланысты «Парктің ішкі қызметін ұйымдастыру барысындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбымен арнайы айлық ұйымдастырылды. Соның аясында Қарағанды гарнизоны әскери бөлімдері мен мекемелерінің әскери көлік құралдарын пайдалануға жауапты лауазымды тұлғалары мен техникалық бақылау тірегі бастықтарының жиыны өткізілді. Маңызды мәселені қарастырған жиында техниканы сапарға шығару кезіндегі іс-әрекеттердің талапқа сай болуы бойынша тәжірибелік сабақ ұйымдастырылып, әскери қызметшілер тарапынан  қойылған алуан түрлі сауалдарға тұщымды жауаптар берілді.
Әскери полиция бөлімі әскери автомобиль полиция бөлімшесінің басшылық құрамы атқарылған ауқымды шаралар легінің қайтарымы мол боларына сенімді.

Дәурен АРЫСТАНБЕКОВ,
Қарағанды гарнизоны Әскери полиция бөлімі әскери автомобиль
полиция бөлімшесінің (КҚ тіркеу және техникалық қадағалау
 жөніндегі)
офицері, аға лейтенант.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 260
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px