Тіл білуге талап қашан қойылады? - Құқық - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

Тіл білуге талап қашан қойылады?
Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабы бойынша
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
Қазақстан Республикасында процестік кодекстер бойынша сот ісін жүргізу қазақ тілі болып танылған және сот ісін жүргізуде қазақ тілімен қатар, ресми түрде орыс тілі, ал, заңда белгіленген жағдайларда басқа тілдер де қолданылады.
Қазақ тілі Қазақстандағы мемлекеттік тіл ретінде заң жүзінде бекігенімен, ол мәртебені негізінен басым түрде орыс тілі атқарып отыр. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде дамуы және оның қоғамдық ортадағы мойындалу деңгейін көрсететін жәйттердің өзі бұл саладағы басты кедергілер болып табылады.
Мемлекеттік тіл тек қана қазақтың тілі емес, ол Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың ортақ тілі деп түсіну абзал.       
Қазақ тілі өз тарихында аса күрделі ахуалды кешіп келеді. Дау жоқ, қазақ тілі бай әрі күрделі тілдердің бірі болып танылады. Сондықтан, оны тез арада үйрену де оңай деп айту қисынсыз болар.       
Мемлекеттік тіл – мемлекеттік міндетті атқаруға арналған үдерістің жұмыс тілі ретінде қалыптаспаған, оның орнын басым көшілігінде орыс тілі атқарып келеді. Себебі, орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылғанымен, қазақ тілі мемлекетті басқаруда да, сот ісін жүргізу де, орыс тілімен қатар әлі тең дәрежеде қолданылмай отыр.
Қазақ тілі – әлі күнге қоғамның бар мүшесі үшін білу міндеті жүктелмеген тіл. Бұл талап қоғамның өзге мүшесі түгілі, мемлекеттік қызметшілер үшін міндетті деп жүктелмей отыр. Мемлекеттік қызметке, соның ішінде, судьялық қызметке үміткерлерге, сондай-ақ, кәсіби біліктілік сынағынан өту талабына мемлекеттік тілді жетік білу қажеттілігі  қарастырылмағандықтан, мемлекеттік қызметтегі қазақ азаматтарының басым көпшілігі – қазақ тілінің қарапайым деңгейін былай қойғанда, ауызекі сөздің басын қосып айта білмейтіндер. Алайда, осылардың басым көпшілігі қызметке келерде мемлекттік тілді жақсы білетіндіктерін көрсеткендер. Бұл жағдай мемлекеттік қызметке, соның ішінде, сот жүйесінде көбіне орыстілділердің шоғырлануын қалыптастырып келеді.
Орталық мемлекеттік органдарда және сот саласында ресми тілмен қатар, мемлекттік тілді жетік меңгергендердің қызмет етуін қалыптастыратын кез келгендей.
Қазақ тілін білудің міндеттілігі, қажеттілігі жоқ болғандықтан, мемлекеттік тіл әзірге отбасы мен тұрмыстық деңгейден аспауда. Қазақ тілі мемлекеттік өмірдің барлық үдерісін қамтитын жұмыс тілі болуға тиісті және мемлекеттік органдар мен ұйым, мекемелердің қолданысындағы басты тіл болуы керек.
Бұл үшін мемлекеттік қызметке, оның ішінде, сот саласына келемін дейтіндерге қазақ тілін жетік білу қажет деген талап қойылу қажет.
Оған нақ осы уақыт ұтымды. Себебі, қазіргі таңда судьялардың біліктілігін анықтау мақсатында жалпы аттестация басталды. Осыған орай, судьялардың мемлекеттік тілді қажетті деңгейде меңгерген-меңгермегендігін тексеру де артық болмас еді.
Ал, осылардың барлығын жүзеге асыру үшін әрбір қазақ азаматы және болашағын ойлаған басқа да қазақстандықтар, әрқайсысы қазақ тілін үйреніп, жетік меңгеру туралы өз алдарына нақты міндет қойып, басқа шет тілін меңгеруге қандай ынта-жігерімен ұмтылса, өз тілімізді үйренуде де сондай жігер таныта білуі керек.

Гүлсім МАҚАШЕВА,
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық  экономикалық сотының судьясы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 142
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px