Құқық бұзушылықпен күрес – екпінді - Құқық - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Құқық  бұзушылықпен күрес – екпінді
Бейсенбі күні облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВТІҢ төрағалығымен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Мұнда құқық қорғау органдарының әкімшілік айыппұлдарды өндіру және құзырлы органдардың қамау орындарынан босатылған тұлғаларды қоғамға бейімдеу бағытындағы жұмыстарының барысы қаралды.

Жиында баяндама жасаған облыстың әділет департаменті басшысының орынбасары Рахмет Базыловтың айтуынша, өткен жылы облыс көлемінде жалпы сомасы 1254040508 теңге болатын 47700 әкімшілік айыппұл өндіру ісі сот орындаушыларына берілген. Осы көлемнің 85,7 пайызы орындалған. Үстіміздегі жылдың басынан – 25 ақпанға дейінгі мәлімет бойынша 6944 құжат сот орындаушылардың қолына түскен. Сомасы – 187436110 теңгені құрайтын бұл айыппұлдардың 42 млн. теңгеден астамы өндірілді.
Жекеменшік сот орындау­шылардың аймақтық палатасының директоры Юрий Пушкаревтің мәлімдеуінше, оның әріптестері былтыр жалпы құны – 65 млрд. теңге болатын 66 мың құжатты өндірісте қолға алыпты.
Бұдан бөлек, 2015 жылы облыстағы әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметкерлері тарапынан 300 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылықтар анықталды. 2 млрд. 407 млн. теңгеден астам сомаға 228749 қаулы шығарылды. Облыстың мемлекеттік кірістер департаментінің қатысуымен 626,6 млн. теңгеге 1860 қаулы шығ­арылды. Отырыс барысында айтылғандай, өткен жылы өндірілген әкімшілік айыппұл көлемі 289,1 млн. теңгеге жетті. Бұл – 2014 жылмен салыстырғанда 30 пайызға артық көрсеткіш.
Облыстық қылмыстық-түзеу жүйесі департаментінің бастығы Дархан Қанатбеков екінші сұрақ бойынша баяндама жасады.
Дархан Қанатбеков айтып өткендей, тұлғаларды босатуға әзірлік жұмыстары сотталушы мекемеге келген күннен басталады. Арнайы дайындық дәрістері жүргізіледі.
Департамент пен облыстағы жұмыспен қамту орталықтары арасында тиімді қарым-қатынас орнатылған. Жыл сайын бірлескен іс-шаралар жоспары бекітіледі. Осыған сәйкес, ақпараттық-түсіндіру және кеңес беру жұмыс­тары атқарылады.
Қаңтар айында облыстың білім басқармасы мен департамент арасында кешкі мектептерді дамыту бойынша жоспар түзілді. Бұл мектептерде 457 сотталушы білім алуда. Облыс көлеміндегі түзеу мекемелері базасында 5 кешкі мектеп орналасқан.
Департамент басшылығы қо­ғамдық ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс істеп келеді. Аталған ұйымдар тұлғалардың қоғамда өз орнын табуына жәрдемдесіп, сотталушыларды қолдау және көмек көрсету шараларын жүзеге асырады.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмыспен күресті күшейту мақсатында Қарағанды облысындағы кәсіпорындарда бостандыққа шыққан адамдар­ды қабылдауға 0,5-3 пайыз аралығында квота бөлінді.
Он екі мекеменің тоғызының аумағында облыстағы колледждер базасында кәсіби білім беру орталықтары ашылды. 2015 жылы кәсіби мектептерде 602 жазасын өтеуші жұмысшы мамандығын алды. Қазіргі таңда 99 адам 7 мамандық бойынша білім алуда. Яғни, сотталушылар тігінші, газ-электрмен дәнекерлеуші, электр монтері, көлік слесарі, сантехник, жөндеуші, жиһаз құрастырушы мамандықтарын игеруде. Бүгінде 1788 адам еңбекпен қамтылып, еңбекке жарамды сотталушылардың 57,5 пайызын құрады.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағ­дарламалар басқармасы бас­шысының орынбасары Максим Галлиулин қамау орындарынан босатылған тұлғаларды уақытша ұстауға бағытталған арнайы әлеуметтік қызметтер, сондай-ақ, тұрақты мекен-жайы, кәсібі анықталмаған жандарға әлеуметтік, медициналық және басқа да жәрдемдер көрсету бойынша Қарағанды, Жезқазған, Теміртау қалаларында 3 әлеуметтік бейімдеу орталығы жұмыс іс­тейтінін айтып өтті.
Отырыс соңында облыс әкімі жауапты органдар басшыларына әкімшілік айыппұлдарды өндіру және қамау орындарынан босап шыққан жандарды еңбекпен қамту, оларды оқыту жұмыстары бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 285
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px