Қырағы қырандар - Құқық - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

Қырағы қырандар
Қуаныш АМАНҚҰЛОВ,
«Орталық Қазақстан»

Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің басшылығы жеке құрамның алдында үш қызметкерді марапаттады. Қырағы қырандар – жуырда орын алған аса ауыр қылмысты ашқан тәртіп сақшылары. Салтанатты рәсім Қарағанды қаласы ішкі істер бөлімінің ауласында өтті.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, марапаттау рәсімін облыстың ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ардақ Ынтықбаев ашып жүргізді. ҚР ІІМ символикасы бейнеленген қолсағаттарды табыстады.
«Сіздер оқиға орнына бірінші болып келесіздер және сіздердің нақты әрі жан-жақты әрекеттеріңіз қылмысты жедел ашуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, азаматтармен сыпайы және жақсы қарым-қатынас жасау халықтың сенімін арттырады» деді Ардақ Ынтықбаев.
Мәселен, биылғы жылдың 11 мамырында Қарағанды қаласының Орталық саябағында тонау қылмысы орын алған. Оқиға орнына автопатруль бірінші болып жетті. Оның құрамында бөлімше командирі, полиция старшинасы Архат Сәдуақасов, полиция старшинасы Талғат Ілиясов және полиция аға сержанты Игілік Алтынбеков болған. Осылайша, 39 жастағы жәбірленушінің сөзімен жасалған күдіктінің портреті бойынша жол-патрульдік полиция полкінің барлық құрамына бағыттама жіберілген.
Небары 15 минут аралығында жоғарыда аталған автопатруль 25 жасар күдіктіні қолға түсірген. Жәбірленуші болса, құрықталған азаматты жазбай таныған. Бұған қоса, күдікті азаматтың бұрын жасалған аса ауыр қылмысқа қатысты күдіктінің фотороботымен сәйкестігі анықталған.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 173
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px