Заңның үстемдігі – ұтымдылық негізі - Құқық - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

Кезек күттірмейтін шаралар тіз­бесіндегі мемлекеттік аппаратты түбегейлі өзгерту және Заңның үстемдігін нақты қамтамасыз ету мәселелерін қоғам бұрыннан күтіп отыр. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңы үш жылдан астам уақыт бойы әзірленді. Алайда, түбегейлі түзетулер Ұлт жоспарының 93-ші қадамы шеңберінде енгізілген болатын, соған сәйкес, тексеру комиссиялары бірінші қатардағы әлемдік аудиторлық компаниялардың жұмыс тәжірибелерін үлгі ретінде алып, ағымдағы операциялық бақылаудан кетеді. Осы міндетті шешуде ірі әлемдік аудиторлық компаниялардың тәжірибесі негізге алынады.

Елбасы бюджет қаражатын үнем­деп, ұтымды пайдалану қажет­тілігін бірнеше мәрте атап өткен болатын. Ел Президентінің тапсырмаларын іске асыру мақсатында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы жаңа Заң әзірленіп, қабылданды.

Заңның негізгі жаңалығы – фактілерді жай белгілеуден бұзу­шылық­тардың себебін анықтауға көшу. Сондай-ақ, бақылау және аудит құрыл­ымдары арасында тиісті функциялардың бөлінуі кезін­де қаржылық тексерулердің қайта­лан­бауы.

Қаржы саласындағы мемлекеттік органдардың аудиті кезінде бақы­лаушы құрылымдар бір-бірінің тексерістерін қайталаған. Сондықтан, олардың іс-әрекеттері өзара келісіл­мегендіктен, мемлекеттік ор­ган­дардың бақылауы ұлғайған. Бұл мем­лекеттік мекемелердің жұ­мысын қиындатуға, қаржылық бақы­лау тиім­ділігінің төмендеуіне әкел­ген. Енді, осы жайттың барлығы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңында жинақталып жүйе­ленген.

Қазіргі таңдағы экономикалық ахуал мен ресурстардың шектеулілігі жағдайында мемлекеттік бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуы бірінші дәрежедегі міндетке айналуда. Тексеру комиссияларына бюджеттік ресурстардың ұтымды пайдаланылуына ықпал ету мәселесінде ерекше рөл бөлініп отыр.

Қазірдің өзінде 24 нормативтік-құқықтық акт қабылданып, бірқатар құжаттар жақын арада әзірленетін болады. Заңға тәуелді барлық қажетті актілерді қабылдау, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылауды жүргізудің халықаралық стандарттарға сәйкес келетін әдіснамалық негізін дайындау, мемлекеттік аудит жүйесінің келесі кезеңіне жоспарлы түрде өтуге, бюджет қаражатын жұмсаудың ашықтығын және тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда мемлекеттік аудит қандай да бір сәйкессіздіктерді баяндап қана қоймай, олардың себептерін, мемлекеттік қаржы ресурстарының негізді және нақты пайдаланылуын анықтайтын болады.

Жаңа заңдағы елеулі жаңалық­тар­ға камералдық бақылау институты­ның, сондай-ақ, электрондық аудиттің объектілерге шықпай тексерулер жүр­гізуге мүмкіндік беретін құрал ретінде енгізілуін айтуға болады.

Барлық тексерулер нақты түрде, тәуекелдерді басқару жүйесінің негіз­інде экономиканың неғұрлым тәуе­келге жиі ұшырайтын салаларына негізделіп, бұзушылықтарды қаржылық және рәсімдікке бөле отырып қалыптастыратын болады.

Мысалы, 2015 жылы Қараған­ды облысы бойынша тексеру комис­сиясының бақылауымен бюджеттің шығыс бөлігінің 63,1%-ы қамтылған, бұл 2014 жылғы көрсеткіштен 0,3%-ға артық. Бақылау объектілері жол берген бұзушылықтар сомасы 2014 жылмен салыстырғанда 24 116,4 млн. теңгеге (2 есе) өсіп, яғни, 47 763,9 млн. теңгені құрады (бақылаумен қамтылған қаражаттың 33,9%), оның ішінде, мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде – 991 млн. теңгеге.

2015 жылғы бақылау іс-шаралар­ында белгіленген бұзушылықтардың жалпы сомасынан 29 772,7 млн. теңге қалпына келтірілуге (өтелуге) тиіс, бұл – 2014 жылдың ұқсас көрсеткішінен 2,2 есе артық. Қалпына келтірілгені және өтелгені – 28 817,3 млн. теңге (анықталған бұзушылықтар сомасының 96,8%), оның ішінде: есепте алынуы, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, тауарларды жеткізу жолымен бюджетке 28 778,1 млн. теңге қалпына келтірілсе; 39,2 млн. теңге өтелген. 2016 жылы жоспар бойынша Ұлттық комиссия мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін сертификаттауды жүргізетін болады. Сертификат білімді растаудан және мемлекеттік аудиторларды сертификаттау жөнін­дегі ұлттық комиссияның оң қоры­тындысынан кейін ғана берілетін болады.

Заң қолданысқа енгізілген. Қа­рағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы жаңа Заңда қойыл­ған міндеттерді іске асыру үшін болашақта қыруар жұмысты атқаруы тиіс, олардың барлығы бюджет қара­жатының жұмсалуын тексеруде мемлекеттік аудит сапасын арттыруға бағытталған.

 

Қарағанды облысы бойынша

тексеру комиссиясы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 245
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px