Жастар жанашырлығы - Құқық - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Жастар жанашырлығы
Сейсенбі күні Қарағанды облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруы және облыстық ІІД Жол полиция­сы басқармасы мен жергілікті полиция қызметінің қолдауы негізінде мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдер арасындағы жарақаттанушылықтың алдын алу және жол-көлік оқиғаларына қоғамның назарын аудару мақсатында «Жастар жол қатынасының қауіпсіздігі үшін» атты акция өткізілді.
Акцияға қатысқан Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті физика-техника факультетінің студенттері жол полициясы басқармасының қызметкерлерімен бірге арнайы құрал-белгілермен қозғалыс үстіндегі көліктерді тоқтатып, жолда жүру ережелерін білу деңгейін тексерді. Жаяу жүргіншілердің де тақырып аясындағы таным өресін бағамдады. Сауалдарға орнықты әрі дұрыс жауап берген жүргізушілер мен жүргіншілерге «Фэст» құрылғылары сыйға берілді.
Акция қорытындысында оны ұйымдастырушы тарап – «Қарағанды облысы жастарының ресурстық орталығы» КММ директоры Ақжол Құрмансейіт өткізілген іс-шараның қоғамдық маңызын айрықша атап өтті. Алдағы кезеңде осындай сипаттағы мақсатты жұмыстардың жалғасын таба беретініне назар аударған жастар жетекшісі  ІІД Жол полициясы басқармасы мен жергілікті полиция қызметкерлеріне және  белсенді қимыл танытқан акцияға қатысушы студенттерге  Алғыс хаттар табыс етті.
Иә, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, тиісінше жол апатын болдырмау – бүгінгі күннің басты мәселесі. Жұмыла көтеретін жүкке бастамашы бола білетін Қарағанды облыстық жастар ресурстық орталығының жас буын тағдырына қатысты өткізген іс-шаралары жетіп-артылады. Аталған акция – бұған дейін атқарылған және алдағы жоспарлы жұмыстардың бір ғана жарқын мысалы.
Ернат КЕМАЛОВ,
«Қарағанды облысы жастар ресурстық орталығы»  КММ қызметкері.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 186
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px