Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Басты бет » Мақалалар » Жас қанат

Материалдар категориясында: 41
Көрсетілген материалдар: 11-20
Беттер: « 1 2 3 4 5 »

Дұрыстау: Күнге қарай · Тақырыпқа сай · Рейтингқа сай · Пікірлерге сай · Оқылғанға сай
24.08.2013
Баспанасыз босып жүрген көп жас­тың бірі – мен. Қарағандыға кел­гелі, пәтерақысын уақытында бере алмай қалсаң, қожаңдайтын қо­жайынның қоқан-лоққысына тө­зіп жүрген пақырмын. 
 пікірлер: 0
 оқылған: 546
13.08.2013

Еліміздің ақпарат кеңістігіндегі ор­ны ерек бұрынғы «Лениншіл жастың» (қазіргі «Жас Алаш») 1973 жылғы  нөмірлерін па­рақтап отырып, «Он үш жасар сту­дент» атты мақалаға көзім түсті. Оқып отырсам, мақалада Киев мемлекеттік уни­верситетінің механика-математика фа­­культетінің ең жас студенті – Таня Дворак жайлы жазылыпты. 

 пікірлер: 0
 оқылған: 596
11.07.2013
«Салют» балалардың сауық­тыру орталығында Астанамыз­дың 15 жылдық мерейтойына орай мерекелік шаралар ұй­­ым­­дастырылды. «Астана – ару қала!» деп ұрандатқан 300-ден ас­там бала елдігіміздің тойын барынша тойлады.
 пікірлер: 0
 оқылған: 637
02.07.2013
Журналистер күні қарсаңында  ҚР Тұңғыш Президентінің Қо­ры «Нұр Отан» ХДП «Бірлік» фи­лиалы  жас журналистер  ара­сын­да  «Астана: жастар көзімен» атты байқау  жариялаған болатын. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті, журна­листика бөлімінің ІІІ бағам студенті  Аяулым Совет  «Қалам ұстау шебері» атанып, 100 мың теңгелік сыйақыны жеңіп алды.  Астананың төрінде  ҚР Президенті  те­ле­ра­диокешені директоры Е.Бек­хо­жин, «Нұр Отан» Халықтық Де­мократиялық партиясының «Бір­лік»  филиалының төрағасы А.Бей­­сембаев, төрағаның орын­басары  А.Қайшарова және рес­пуб­ликаның саяси және қо­ғам қайраткерлері,   БАҚ өкіл­де­рі қазылық еткен байқауда  жур­налистік жолға алғаш қадам бас­қан Аяулымның шығармасы бай­қауға ұсынылған жүздіктің ара­сында үздік келді.
 пікірлер: 0
 оқылған: 549
16.02.2013

Қазір елімізде дәрігер мамандар жетіспейтіні баршаға мәлім. Облыс орталығында Қазақ­стан­дағы ең үздік, үлкен медицина уни­­­верситеттерінің бірі орналас­қа­нына қарамастан, Қарағандымен қанаттас қалаларда дәрігер тапшы. Шалғайдағы аудандар мен ауылдардың жағдайы одан да тө­мен. Өйткені, жас мамандардың барлығы дерлік қаладағыдай қай­наған ортада тұрғысы келеді, қо­лайлы тұрмыстық жағдайды талап етеді. Бірақ, өнеркәсіпті һәм әкімшілік орталықтардан алыс ай­мақтарға коммуникация игіліктері жетпей жатқаны аян. Сондықтан, университетті тәмамдаған бетте алып ұшқан албырт көңілмен, ро­ман­тикалық ауанмен жырақтағы елді мекендерге барып қалған қыз-жігіттер онда көп тұрақтамайды. 

 пікірлер: 0
 оқылған: 526
07.02.2013

«Дипломмен – ауылға» бағдар­ламасы бойынша шалғайдағы елді мекендерге барып, игілікті шарамен – халыққа қызмет көрсету ісімен айналысушылар қатары уақыт өткен сайын өсіп келеді. Әрине, аталған бастама барлық жерде бірдей бой алған жоқ, дегенмен, сең қозғалғаны анық байқалады.

 пікірлер: 0
 оқылған: 554
05.02.2013

«Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанатты, Мен жастарға сенемін» – деп Мағжан жырлағандай, кез келген ел өзінің келешегін ұрпағымен байланыстырады. «Тәрбие басы – тал бе­сік». «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің». От­басында алған тәлім-тәрбие – өскелең жас үшін үлкен өмірде бағдаршам. Сондықтан, балаң күнінен балаға дұрыс тәрбие беру, оны еңбекке баулу, жамандықтан жирентіп, жақсылыққа үйрету – ата-ананың борышы.

 пікірлер: 0
 оқылған: 626
29.12.2012


Ауылда жастарға

жағдай бар ма?

Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Жастар – ел болашағы, қозғаушы күші.

Бірақ, ауылдағы жастардың жағдайы қалай?

Тіршіліктің көзі тек қана қалада секілді. Ал, ауылда ше?

Андрей Савчук, ҚарМУ-дың ІІІ курс студенті:

Ауылды жерлерде тек тұрақты жұмыс орны аурухана мен мектептерде ғана. Ауыл жастардың көзімен «ешқандай даму перспективасы жоқ» ны­сан ретінде қарастырылады. Сондықтан, олар қалаға кетіп қалады. Дегенмен, мем­лекет тарапынан қолдау жасалып, бағ­дар­ламалар жүзеге асуда. Жастардың эстафеталық марафоны «Ауылдың гүл­денуі – Қазақстанның гүл­денуі», «Дип­лом­мен ауылға», «Жа­сыл Ел» еңбек жа­сақ­тарының ұйымдастырылуымен өте­тін шаралар, жастарды жұмысқа ор­наластыруға бағытталған әлеуметтік мағыналы бағдар­ламалар қаншама. Бөлінген қаржыға мәдени, спорт, медицина, білім беру салаларын дамыту, бос уақыт өткізетін нысандар салуды көбейту керек. Әсіресе, білікті жастарды ауылға тарту керек. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы қала мен ауылдың арасындағы дисба­лансты сақтауда үлкен рөл атқарып отыр. Соны­мен қатар, 3 жыл қатарынан ауылды жер­лерде өткізілетін ақпараттық-мәдени ке­руен «Жастар-Жастарға» іс-ша­расын айтып өткен жөн.

Бұл ақпараттық-мәдени керуен елімізді дәстүр түрінде қалыптасса, көптеген кикілжіңдер шешілер еді.

Ауыл – азаматтың дүниенің кең есігін ашып, өмірге келген, бізге дейінгі сан толқын ұрпақтың кіндік қаны тамып, маңдай тері төгілген киелі мекені.

Аттың жалында, түйенің қомында көш­пелі ғұмыр кешкен қазақ халқының ертеден-ақ ежелгі мекені ауыл екені анық.

Ауыл жастарының шешілмеген мәсе­лелері де жоқ емес. Ауылда жастардың серуендейтін, кешкі уақыттарда демалатын орындары жоқтың қасы. Мәдениет үйі бар, дегенмен, онда көбінесе би кештерімен шектеледі. Ал аудан орталығынан шалғай ауылдарда жастарға арналған орталар жоқ деуге болады. Сондықтан да, жастар ауылда тұрақтамайды, тезірек көпшіліктің ортасына, қалаға қарай кетуге асығады.

Аталған әлеу­меттік мәселелерді шешу үшін, көзі қарақты белсенді жастардың пікірімен санасу керек. Ауыл жастарын жұмысқа орналастыру, оларға заманауи технологияны меңгерту күн тәртібінен түспей отырған өткір мә­се­ленің бірі. Жастар саясатын жетілдіруге, ауылдарда салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын бағдарламаларды емес, іс жүзіне енгізсек, игі болар.

Дидар Қамиев, айтыскер ақын:

Ауыл жастарының ең негізгі мәселесі – жұмыс орнының жоқтығына келіп тіреледі. «Жастар қалаға кетіп жатыр» деп айта береміз, бі­рақ, олар соған лажсыздан, ертеңгі нанын тауып жеу үшін баруда. елімізде жұмыссыздардың дені ауыл жастары. Ауылды жерлерге әр түрлі ны­сандар салып, жұмыс орындарын ашқан жөн.

Ауылдың гүлденуі әр­бір жастың санасы мен сезіміне, рухы мен өрлігіне, білімі мен біліктілігіне, ынтымағы мен бірлігіне байланысты. Бүгінде жас­тар саясаты саласында әлеуметтік ма­ңы­зы бар 76 жоба жүзеге асырылып жа­тыр. Оның ішінде, «Ауыл жастары», «Дип­лом­мен ауылға», «Жастар кадрлық ре­зер­ві», «Жастар – Отанға» және «Жастар тәжірибесі» сияқты серпінді жобалар бар.

Қазіргі таңда ауыл жастары бәсекеге қабілетті, заман талабына сай білімдерді меңгерген және еңбек ресурсы ретінде эко­номикамыздың кез келген саласын көтеріп ала кететін деңгейге жетіп отыр. Әрине, бұл ортада Елбасы Н.Назарбаев жасап отырған салиқалы саясатын атап өтпесе болмайды. Себебі, Президентіміз ауыл жастарының дамуы мен бәсекеге қабілетті болуына барлық жағдайды жасатып отырғаны сөзсіз ақиқат болып табылады.

Сөз соңында, барлық қалыптасқан жағ­дайларды ескере отырып, ауыл жастарының дамуы – Қазақстанның да­муының кепілі болып табылатынына үлкен үмітпен сенеміз.

Ержан Хамитов, жас маман:

Қазіргі ауыл жастарының жағдайын, жастардың мына сөздерінен білуге болады: «Қалаға барып жұмыс істеп көтерілу керек» немесе үлкендердің мына сөздерінен «Ауылда жата бересің ба? Қалаға келмейсің ба?» деген сияқты. Бұдан біз ауылда жұмыс жоқтығын аңғарамыз. Дегенмен, қазір көп­теген бағдарламалардың арқасында ауылға үкімет тарапынан көп көңіл бөлінуде.

Жалпы, ауыл жастарының жағдайы на­шар деп айтудан аулақпын. Үлкендерден еститініміз сол «қазіргі жастар бұзылған, қазіргі жастар жаман». Мен жұмыс бабымен ауылды жерде көп жүргендіктен бұл сөз­дермен мүлде келіспеймін. Себебі, жастар бұрынғыға қарағанда әлдеқайда білімді, тәртіпті. Бір ғана мысал, осыдан 10-15 жыл бұрын той, жастардың ішімдік ішіп алып, аяғы төбелеспен аяқталатынын кө­ретінмін. Қазір жастардың көбі ішімдік ішпейді.

Тағы бір қуантатын жайт, жастардың дініміз исламға деген көзқарасының тү­зулігі. Кей үлкендерімізден көре алмағанды жастардан көріп жатқанда жастарды жа­ман деу артығырақ. Жалпы, жастардың жағ­дайы қуантарлық. Бұдан да жақсы болатынына сенімдімін.

Жанна ЫБЫРАЕВА,

ҚКЭУ студенті.

 пікірлер: 0
 оқылған: 1185
27.11.2012

Астанада өткен «Жас Отан» жастар қанатының ІІ съезі барша жастарға ерекше шабыт сыйлады деп ойлаймын. Өз басым солай түйсіндім. Мұндай алқалы кездесуден соң өзіңді Қазақстан Республикасының толыққанды азаматы сезінетінің анық.


 пікірлер: 0
 оқылған: 606
27.11.2012

«Арман! Еңбек! Сенім!» ұранымен өткен «Жас Отан» жас­тар қанатының ІІ съезінен алған әсерім орасан еді. «ЭКСПО – 2017» көрмесі елімізде болатынын естігенде қуанышымды қоярға жер таппадым. Тәуелсіз ел тарихындағы сындарлы кездесуге куә болғаным үшін өзімді шексіз бақытты сезініп жүрген мен әлемдік әйдік көрменің де куәгері болатындығымды түйсінгенімде жан-дүниемде ерекше бір толқынысты күйге тап болдым.

 пікірлер: 0
 оқылған: 417

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1242
count 88x31px