Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Басты бет » Мақалалар » Жас қанат

Материалдар категориясында: 41
Көрсетілген материалдар: 31-40
Беттер: « 1 2 3 4 5 »

Дұрыстау: Күнге қарай · Тақырыпқа сай · Рейтингқа сай · Пікірлерге сай · Оқылғанға сай
21.07.2012
Қарағандылық айтыскер ақындардың ішінде Дидар Қамиевтің мысы басым. Тілі мірдің оғындай өткір. Суырып салма ақын. Жақында Дидар Түркия елінде өткен түркі тілдес халықтарының симпозиюмына Қазақстан атынан  қатысып, қазақтың суырып салма өнерін әлемге паш етті. 
 пікірлер: 0
 оқылған: 3268
21.07.2012
Көз алдына таңның салқынынан тісі-тісіне тимей сақылдап, көк­жиекке көзін талдыра қараған, бейкүнә бүлдіршін елестеді. Құстар қиқуы естілісімен көктем таңын осылай қарсы алуды төрт жасынан бастаған. Көктемді асыға күтетін. Өйткені, анасының айтқанына имандай сенетін-ді. Анасынан басқа сенері де жоқ еді. Себебі...
 пікірлер: 0
 оқылған: 709
21.07.2012
 Алаш әнін...   
Өзің білесің...
Сыңарым едің, сенгенім едің,
Суыды сезім... мен де білемін...
Екеумізге ортақ алау – сезімнің 
Қалай өшірдің сендегі лебін?..
 пікірлер: 0
 оқылған: 1056
21.06.2012
«Жас қанаттың» жаңа айдарымен таныс болыңыз! Атын «Жебе» деп қойдық. Жастар мәселелері төңірегінде келісті пікір, сергек ой, орынды сын осында айтылады. Жебедей жылдам, ұшқыр һәм өткір. Ұшқан жебенің көздеген нысанасы – біреу. Жастардың тілек-мүддесі.
«...Одан да шықты бос айқай»
 пікірлер: 0
 оқылған: 945
21.06.2012
«Чупо-чупес» емес, құрт сорып, «Ор­бит» емес, смола шайнап өстік. Басқа емес, өз басым аппақ көбік түбіт түтіп, ұршық иіру, кесте тігу – балалық шағымның белгісі десем, қаладағы Олжас – «Алжастар», Сәния – Санялар қай ғасырдан келгенсің деп қызық көреді. Олар менің күбі ыстап, тобылғының иісі сіңген күрең шапаны мен өзі тоқып алған ақ шәлісін қысы-жазы шешпейтін әжемнің қойнынан келгенімді білмейтін еді, әрине. Әжемнің ғана емес, кеңес заманының тірі тарихы, кино түгілі, кітапта да кездеспейтін болмысы басқаша атамның да «Ер төстігім бір төбе» дейтін сүйікті баласы едім.
 пікірлер: 0
 оқылған: 729
07.06.2012
Аптаның басында Сәтбаевқа облыс аумағынан 200-ге жуық делегат келіп, бас қосты. Қарағандының қалалары мен аудандарындағы бірсыпыра белсенді азаматтардың бұл кездесуі Мемлекеттік рәміздердің 20 жылдығына орай­ластырылған.
 пікірлер: 0
 оқылған: 654
02.06.2012
Осы жылдың 28 мамыр мен 1 маусым аралығында Теміртау қаласының жастар ұйымының мұрындық болуымен «Болашақ бүгіннен басталады» деген атпен біршама іс-шаралар өткізілді.
 пікірлер: 0
 оқылған: 542
12.05.2012
Қиқар көжек қыстың бір-ақ күнінде сабасына түсті. Аң-таң. Ата да, ана да.
Күз көлеңкесі көрінгелі таңғы майдан бір толастамаған. Күннің ұясынан шығып, қонғаны тәрізді бұл майдан да үйреншікті құбылысқа айналып бара жатқан. Кенеттен үзілді...
– Айымды әкесі машинамен әкеледі.
– Біздің үй қарға адым жерде, машинамен алыс жерлерге жүреді.
– Еркетай анасымен келеді. Сум­касын да өзі көтермейді.
– Сенің сумкаң жеңіл. Кітап апар­майсың. Апайыңмен келіскем.
 пікірлер: 0
 оқылған: 804
12.05.2012
Муза              
                                                                  
О, Муза,
Нәп-нәзік менің бөлшегім,
Әлемді сенің қасиетіңмен өлшедім.
Жап-жарық болып кетті, әне, менің айналам,
Ол – сенсің, Муза, жарқ еткен нұрың ол сенің!

Билеші, еркем, кеудеме жалын, от таста,
Сен – мендік әуен, менде ондай  әуен жоқ басқа.
Ерніңнен сенің сүйгізіп тұрып тоқтатсын,
Тәңірім мендік жүректі бір күн  тоқтатса.
 пікірлер: 0
 оқылған: 1218
12.05.2012
МЕН: Қазір көп айтылатын маргиналдың қазақы мағынасы «дүбәра» де­генге саяды ғой. Мәселен,  бәрін айтпай-ақ, басын  қайда соғарын білмей жүрген ХХІ ғасырдың «дүбәра» жастарын алыңыз. Жаһандануға жұтылмай болашақта ұлттың ұлылығымен алдыңғы қатарға ілігіп, көш бастаймыз десек, жас буынның    алымды болмағы керек.  Бұл Батыстың лебімен азып-тозбауымызға кепіл.  Тәуелсіздік таңында оянып, өсіп келе жатқан жастар еркін. Сол еркіндігінен болар, дүбәралығы және бар.  Оған күндіз-түні көше таптаудан жалықпайтын студенттерді, жастарды айтсақ жеткілікті.
 пікірлер: 0
 оқылған: 544

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1227
count 88x31px