Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 17.06.2019
Астананың дамуы мен қа­лып­тасуы туралы жариялап жа­зуға жас журналистерді кеңі­нен тарту – байқаудың басты мақ­­саты. Сонымен қатар,  «Нұр Отан» ХДП «Бірлік» фи­лиалының қызметі туралы ха­лықтың ақпараттандырылуын арт­­тыру және журналистердің шы­ғармашылық әлеуетін ашу мен оларды көтермелеу болып та­былады. 29 жасқа дейінгі жур­налистер қатысатын шарада бел­гіленген тақырыпқа сәйкес бо­луы, фактілердің дұрыстығы жә­не олардың дәл берілуі, талдау тереңдігі мен проблеманың ашы­луы, авторлық ұстанымға басты назар қойылған.

Д.Бисембина, «Литер» га­зе­тінің тілшісі, Л.Гумилев атын­дағы ЕҰУ  оқы­тушысы: Кон­курс жеңімпаздары бірнеше номи­на­­ция бойынша айқындалып, оның ішінде телевизиядағы үздік материал, баспасөз бетіндегі ма­қала, радиодағы материал, интернет-басылымдағы мате­ри­ал және жаңа бастаған жас жур­­налистер  үшін «Қалам ұс­тау шебері» но­ми­нациясы бел­гі­ленген. Көрікті Астананың кел­бетін мақаласына  арқау еткен «Елорданың төрінде – еңселі ұр­пақ» тақырыбындағы Аяу­лым­ның талдамалы мақа­ла­сы білімді жастардың ой-ұш­қы­нының өте кең екенін көрсетті. Қалам ұстаудағы өзіндік стилі қа­лыптасып, жазу өнеріне бе­йім екенін аңғартты. Кестелі сөз­дерді орынды қолданатын жас журналистің болашағы айқын, келешегі жас Астанадай келбетті де көркем екеніне сенімдіміз.  Та­ланты мен дарыны оза шапқан дарынды жасты қанаттандырушы  Қарағанды облыстық «Орталық Қа­зақстан» газетінің ұжымы  мен тәлім берген  ҚарМУ-дің  ұс­таз­дарына айтар алғысымыз шексіз.

Кенжегүл КӘРІМҚЫЗЫ,

«Нұр Отан ХДП» мүшесі.

Қарағанды қаласы.

 
 Пікірлер: 0
 Оқылған: 671
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1287
count 88x31px