Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 17.06.2019

Басынан бастап айтсам. Мен қатысқан ІІ съезд жұмы­сы Мемлекет басшысы Н.Назар­баев­тың сөзімен басталды. «Бі­рігіп көтерген жүк жеңіл» де­мекші, Елбасы жастарды бі­рі­ге еңбек етуге шақырды. Бір­лікпен тірлік қылсаңдар, еш­кім­нен кем болмайсыңдар деді. Мемлекетіміздің жарқын бо­ла­­­шағы біздің – жастардың қо­лында екенін айтты.

Бұл жиыннан съезге қатысқан мыңдаған жастардан бөлек, теледидар көріп, басылымдардан оқыған миллиондаған жас­тар жігерленді. Жастардың ер­­теңгі күнге деген құлшынысын арттырған 2020 жылға дейінгі «Жастар – Отанға» стратегиясы болды. 11 бағыттан тұратын стратегияның ел жастары үшін берері мол.

Егемен ел атанғаннан бері мемлекетіміз – жас Қазақ­стан­ның қаншалықты өскенін, өркен­дегенін көріп отырмыз. Ендеше, осы елдің әрі қарай көркеюі жастардың қолында екендігі анық.

Қазір жастарға жағдай жасалуда. Бұл бізге үлкен сенім артылғандығын айғақтайды. Съезден көрген, білген, түйген ойымды өзім қызмет ететін Осакаров кентіндегі №1 орта мектеп жастарына жеткізуге, жүзеге асыруға тырысатын боламын.

Енді, міне, «ЭКСПО» көрмесі елімізде өтетін болды. Бұл – біріншіден, ерінбей еңбек қылған Қазақстан халқының ортақ же­ңісі болса, екіншіден, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының ха­лық­аралық аренадағы биік абы­ройының жемісі. Арманмен, ең­бекпен, сеніммен ертеңге қадам басайық.

Тілеген ҚУТТВАЙ,

Осакаров ауданы, «Жас Отан» ЖҚ ІІ съезінің делегаты.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 543
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1287
count 88x31px