Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 15.11.2018
Жастар қаласына айналған Қа­рағанды студенттерінің көпшілігі осындай тәсілмен үйге берілген тап­сырманы «әзірлеуге» үйір. Кіш­кене қиналса болғаны, әр бұрышта «кел» деп шақырған  интернет орталықтарына асығып тұрғаны. 
Бүгінгі таңда әр жастың өзі із­деніп, кемел білім алуына жағдай жа­салған. Сол мақсатта оқу орын­дарында білім алу тізгінін студенттің өз қолына тапсыру бастамасы жол­ға қойылуда. Механизм солай – ұстаздар шәкірттерге тек бағыт-бағдар беріп, қалған уақытта өзі ізденуіне мүмкіндік жасайды. Бұл – дұрыс, әрине. Өркениетті елдердегі білім беру тетігінен алынған тың тә­сілдердің бірі. 
Алайда, біздің студенттер бұл бағытта білім алуға қауқарлы ма? Дәйекті деп ұсынылған  тұжы­рым­даманың  бүгінгі күнде іске асу үр­дісі  қандай? 
Интернет – білім игеруде жас­тар­ға көп көмек жасауда. Керек та­қырыпты бір пернені басып-ақ, суы­рып аласыз. Және «оқушы өзі оқуы керек» дегенді сіңіріп алған оқы­тушылардың «интернеттен қа­раңдар» деген тапсырмасы жас­тарды компьютердің  алдына жіпсіз байлайды. Күнделікті берілген  тап­сырманың тең жартысын ғалам­тордан алады. Біз бұл жерде «ин­тернеттен мағлұмат алған дұрыс емес» деп отырған жоқпыз. Тек айтарымыз, бұл арқылы кез келген жас ауырдың үстімен, жеңілдің ас­тымен жүруге ғадеттеніп алуда. Дайын тақырыптарды көшіре қою – кімге қиын дейсіз. Курстық жұмыс, реферат, баяндама, тіптен, кішкене шығарманың өзін ғаламтордан ала­ды. Міне, содан келіп онсыз да қилы ұрандармен миы ашып жүр­ген студенттің шығармашылық ізде­ніске деген талабы солғын тартып, өзіндік ойлау қабілеті төмендейді. Жаһан мақтаған интернеттің бір кө­леңкелі тұсы, жас ұрпаққа тигізіп жатқан зардабының бірі – осы. 
Және бұл қызметтер тегін емес. Білім іздеп, безек қаққан сту­денттердің қалтасын қағуда. Мә­селен, бір рефератты алу үшін ұя­лы телефоныңды 500 бірлікке тол­тырып, мониторда көрсетілген код­ты тересіз. Ілініп-салынып, сес­сияда сүрініп жүрген студент үшін бұл тиімді. Белгілі бір пән бойынша се­местрді қайта оқыған қалай, әлде мұғалімнің айтқан рефератын бес жүз теңгеге сатып әкеліп, сессияны жап­қан қалай? Нәтижесінде жыл бойы оқып, көз майын тауысқан сту­дент те, жаңағы кержалқау да сес­сиядан өтеді. 
Қарағандыда студенттерді жаз­ба жұмыстарымен  қамтамасыз ете­тін 5-6 орталық бар. Аталған «қыз­метпен» «тұтынушыларын» қам­тамасыз етіп жүрген жандар­дың бірін сөзге тартқан едік. Анықта­ғанымыздай, курстық жұмыстың құ­ны 700 теңгеден көтеріле берсе, рефераттың бағасы 300 теңгеден басталады. Бет санына қарай баға да өсіп отырады. Бір айтары, сессия кезінде «тауар» қымбаттайды. Бұл жерге келген студенттер өзіне қажетті тақырыпты каталогтан тауып алады және тапсырыс беруге де мүмкіндік бар екен. Осы орталықтан курстық жұмыс сатып алған жастың бірі бұл қылығы үшін ұялмайтынын айтады. – Қарағандылық үш сту­дент­тің екеуі қажет тақырып бо­йынша орындалған жұмыстарды са­тып алады. Мен неге ұялуым ке­рек?! Кітапханаға барып, өзім жазуға уақыт жоқ. Түске дейін са­бақ, түстен кейін жұмыс істеймін. Мен кітапханаға барып, кітапқа телміріп отыратын болсам, маған ақшаны кім береді. Және қазіргі кезде кітапханаға баратын студент жоқтың қасы, – дейді ол. Сөйтіп, өзі­нің ізденуге ынтасы жоқтығын тұрмыспен байланыстырды.
Иә, нарықтық қатынастың кез келген жасты тобықтан қағып тұр­ғаны рас. Бірақ, бүгінгі жас – ертеңгі ел тұтқасы. Алайда, қазіргі «дайын ас­қа тік қасық» студенттеріміз ке­мел келешегіміздің кепілі бола ала ма?!
 Пікірлер: 1
 Оқылған: 1100
Барлық пікірлер: 1
Спам # 1
16.11.2015
Бұл да жедел дамып бара жатқан заман ағымынан қалып қоймаудың тәсілі ме екен. Оқытушылар тарапынан білім алып жүрген студенттерге берілетін тапсырма көбейіп кетті. Керегі де бар қажетсізі де бар. Заманына қарай амалы деген. Сондықтан студенттерді де кінәлай алмаймыз. Оның үстіне мынау ҰБТ деген тәсіл 10-11 сыныпта оқушыларға тест жаттатуға мәжбүрлейді. Сондықтан білім алушылар жоғары оқу орнына келген кезде шығарма жазуға, эссе, реферат жазуға машықтанбаған болып келеді. Соның кесірінен ақшасын төлеп дайын реферат алады. 2-4 курстарда курстық жұмыстарды сатып алады. Аяғында келіп диплом жұмысын ақшасын төлеп сатып алуға өздері де мәжбүр болады. Содан келіп біздің елде бәрін ақшаға сатып алуға болады деген бәлекет пиғыл бәріміздің ойымызда тұрады. Бүгін рефератын сатып алып жүрген студент ертең азамат болғанда мемлекеттік биік лауазымды орынды сатып алуға еш тайынбайды. Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі. Осыны естен шығармайық ағайын.
Аяулым сен қоғамдағы өткір де нәзік тақырыпты көтердің. Дұрыс көтергенсің себебі бүгінгі жас буын ертеңгі Мәңгілік Елді құрушы ұрпақ. Ауруын жасырған өледі деген халық даналығы. Әлі де кеш емес. Мүмкін бұл мәселе де уақыты келгенде шешімін табар.
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1261
count 88x31px