Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 17.06.2019

Тұрғындардың әлеуметтік жағ­дайы біршама шешілген, Қарағанды мен Астананың арасында, әсіресе, ел ордасына ұрымтал орналасқан Нұра ауданында да дипломды мамандарды тұрақтандыру мәселесі өткір тұр. Атқарушы биліктің тізгі­нін ұстаған азаматтар күрделі жағ­дайдан шығу үшін осы топырақта туған түлектерді тартуға тырысады, оларды туған жер, ел алдындағы перзенттік парызды орындауға ша­қырады. Бұл – аса нәзік, бірақ, көп жағдайда оң нәтиже беретін күшті сезім. Осындай парызды орындауға бел буған азаматтардың бірі – Владимир Омельченко.

Қарағанды мемлекеттік меди­цина университетінің педиатрия факультетін үздік дипломға бітірген Владимир Александрович Ақмола облысының Степногорск қаласында бір жылдан аса уақыт балалар дәрігері болып қызмет атқарды. Ізденімпаз жас маман жоспарлы жұмысын ыждаһаттылықпен атқа­рып, науқастанған балаларға да мейіріммен көмек қолын созып, аз уақытта сәбилі үйлердің сүйікті дә­рігеріне айналып үлгеріп еді. Қыз­мет бабында да баспалдақты болашақ күтіп тұрған. Бірақ, туған жері жалынды сәлемін жолдап, бірсыпыра үмітін өзімен байланыс­тырып отырғанда қалай жібімесін. Ақыры, міне, екі жылдан асты, Киевка кентінің тұрғынына айналып, аудандық педиатр лауазымын­да еңбек етуде. Бір жақсысы, ел аға­лары уәдесінде тұрып, баспанамен қамтамасыз етті, басқа да әлеуметтік жеңілдіктерден құр қалдырған жоқ.

Елбасымыз Н.Назарбаев «Қа­зақстан – 2050» Стратегиясы – қа­лыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Балалар – қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құқықсыз болуға тиіс емес», – деп атап айтты. Бұл пікір В.Омельченконың жұмысы аса маңызды һәм өте жауапты еке­нін айқындай түседі. Өйткені, сырқаттанған сәби қай жері ауырып тұрғанын айтып жеткізе де алмайды. Осындай жағдайда ағзаның сыртқы жай-күйіне, көбінесе ай­қын байқалмайтын белгілеріне қа­рап науқас түрін анықтау талай жыл қызмет атқарған тәжірибелі ма­мандардың өзіне оңай емес. Бұл үшін мықты біліммен қатар ас­қан сезімталдық, адамның жан дүниесіне үңіле алатындай зерде керек. Владимир Александровичтің бойында осы қасиеттер бар. Сон­дықтан, ол аз жылда жинап үлгерген тәжірибесі мен біліктілігін пайдаланып және әріптестерімен бөлісіп, Қара Нұраның бойында дені сау, күлкісі шат қарақұлақ балдырғандар көбеюіне септігін тигізіп келеді.


НҰРА ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 630
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1287
count 88x31px