Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 19.11.2018

Ұлылар жиырма жасында...
Міржақып ДУЛАТҰЛЫ жиырма жасында Қарқаралыдағы саяси-бұқаралық жұмыстарға араласып, патша өкіметіне қазақ халқының атынан петиция жазуға қатысады.
Ыбырай АЛТЫНСАРИН жиырма жасында өзі сұранып, Торғай мектебіне мұғалім болып барған,. Оған дейін ел ішіне мектептің пайдасын түсіндіріп, біраз баланы 4 жыл өз үйінде оқытады.
Шоқан УӘЛИХАНОВ он тоғыз жасында жасында «Тоқтамыс ханның жарлығы» атты алғашқы ғылыми еңбегін жарыққа шығарып, бір жыл өткен соң Ыстықкөл экспедициясына қатысып, қырғыз елін зерттейді.
Сұлтанмахмұт ТОРАЙҒЫРОВ жиырма жасында «Айқап» журналына жауапты хатшы болып жұмысқа орналасып, бірқатар әңгіме, мақалаларын сол журналда жүріп жазды.
Мұхтар ӘУЕЗОВ жиырма жасында «Еңлік – Кебек» пьесасын жазып, оны Ойқұдықта сахнаға шығарады. Келесі жылы 5-13 мамыр аралығында Омбы қаласында өткен Жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады.

«Текті қазақ» сайтынан.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 646
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1261
count 88x31px