Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 21.01.2018

Қорқор – қасірет бастауы
Арақ пен темекіге әуес, анашаға үйір жастарымыз көбейіп тұрғанда, «қорқоршылар» деген «топ» шықты. Қорқор – кальян. Қазір кейбір мейрамханалар мен дәмханаларда қорқор тарту үшін қолайлы жағдай жасалған. Арнайы жасақталған бөлмелер бар. Былтыр «Кальянды көпшілік жерде тартуға ты­йым салу туралы» Заң қабылданғанына қарамастан, әлі де қорқор көптеген кафе қожайындарының табыс көзіне айналып отыр.

Қорқор – бұл салқындатылған түтінді ішке тартып, шылым шегуге арналған ыдыс. Түтінмен қоса дәм алу үшін қорқорды сумен, шараппен немесе басқа да дәмдеуіштермен  толтырады. Сұйықтығы бар ыдысқа түтік салынып, түтік арқылы түтін астына кіріп, су деңгейінен жоғары басқа түтік арқылы шығып, адам өкпесіне өтеді.
Қорқор қазір сәнге айналғандай. Әлеуметтік желілерде қорқор тартқан жастардың суреттері самсап жүр. Тіпті, арасынан ару қыздарымыз да қылаң беріп қалатыны алаңдатады. Олар үшін қорқор мақтан, абырой немесе жастарша айтқанда, гламур. Ал, осы «гламурдың» соңы неге соғарын жастар білмесі анық.
Болашақ ұрпағымыз үшін алаң туады. Қорқор тартатын жастардың бедеулікке ұшырау қаупі жоғары. Зерттеушілердің айтуынша, бір сағат қорқор тарту жүз тал темекі шегумен тең екен. Темекінің зияны баршамызға белгілі, ал, қорқор жайында көбіміз біле бермейміз.
Қорқор – жұқпалы аурулардың таралуына себепші. Қорқор мүштігінің бір мәрте ғана қолданылып, ауыстырылып тұратындығына ешкім кепіл бере алмайды. Санитарлық-эпидемиологиялық зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қорқор ыдысындағы сұйықтықтан көк іріңді таяқша, стафилокок вирустары табылған. Бұл вирустардан сары ауру, герпес, туберкулез, тіпті, жыныстық аурулар тарайды. Адамды жүрек-қан тамырлары ауруларына,  өкпе ісігіне шалдықтырады және жаңа туған сәбилердің денсаулығының нашар болуына соқтырады.
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп, бекер айтылмаса керек. Сондықтан, жастар денсаулығына жауапкершілікпен қарап, қорқор сияқты еріккеннің ермегімен айналыспай, жат әдеттерден сақ болса екен.

Айдана ЖҮНІСОВА.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 510
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1206
count 88x31px