Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 18.01.2018
Wi-fi қайда бар? 
Ақпараттық технологиялар күнделікті тұрмысымызға ден­деп еніп келеді. Жаһандану дәуірінде бұл жаңалықтардан оқшауланып қалмасымыз анық. Бүгінде ғаламтор, ондағы әлеуметтік желілер өмір салтымыздың бөліп алмас бөлшегіне айналды. Керек мәліметімізді «Google», «Яндекс» және тағы да басқа желілерден лезде тауып алуды әдетке айналдырдық. Сол сияқты «Wi-Fi» сым-желісіз байланысы да қазіргі кездегі ең тиімді қарым-қатынас құралына айналуда. 
«Wi-Fi-дың» тиімділігін уақыт көрсетіп отыр. Бұл, бірін­шіден, тұтынушылар үшін қолда бар құрылғыңмен кез келген жерден әлемдік интернет торабына шығудың бірден бір жолы болса, екіншіден, кәсіпкерлер үшін тұтынушылар тартудың бірден бір тәсілі. Қазір Қарағандының көптеген мекемелері «Wi-Fi» кеңістігімен қамтылған. Осы ретте біз  сіздердің на­зарларыңызға сол нысандардың тізімін ұсынғанды жөн көрдік. 
Бүгінде «City Mall», «Грандстор» сауда орталықтарында, «LeBam-Bоо», «Avalon», «LineBrew», «Градус», «Шантан», «Камелот», «Пивоварофф», «Пахлава», «Урарту», «Bavaria» мей­рамханаларында, «Vertuoz», «Sadre», «Аллея», «Рива» кафелерінде, «Степной» дәмханасында, «Voice» караоке клу­бында, «Rezidenz», «Кабачок 10» бильярд клубтарында, «Гигант» фитнес орталығында, «Алатау», «Тұлпар» мей­манханаларында және №3 қалалық емханада «Wi-Fi» бай­ланысы жұмыс істеп тұр. Алда-жалда жол түсіп, бас сұ­ға қалсаңыздар, компьютерлеріңізді қоса ала жүруді ұмыт­паңыздар.
 Пікірлер: 0
 Оқылған: 564
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1206
count 88x31px