Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 19.11.2018

Жастардан жақсы  іс
Жуырда облыстың жастар бастамашылдығы орталығының балалар үйі түлектеріне әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бөлімінің ұйытқы болуымен Қарағанды медицина колледжінің студенттері Теміртаудағы «Айналайын» балалар үйіне барып қайтты. Сапар барысында «Көңілдінің күні жарқын» атты шара ұйымдастырылып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Аталмыш шара жетім балаларға деген қамқорлықты күшейту мақ­сатында өткізіліп отыр. Балалармен етене араласып, тұрмысымен танысқан болашақ дәрігерлер мүмкіндік болса, апта сайын келуден де тартынбайтындықтарын жеткізді.
Би биленіп, әсем әндер шырқалды. Кеш соңында студенттер балаларға сыйлықтарын тапсырып, өз кезегінде балалар да шексіз ризашылықтарын білдірді.  

Ернат КЕМАЛОВ,
Қарағанды облысы
жастар бастамашылдығы орталығының инспекторы.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 646
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1261
count 88x31px