Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 17.06.2019

Мақала авторының айтуынша, Та­няның ағасы Саша Дворак та осы уни­верситетке он екі жасында қабыл­данған. Тіпті, Киев оқу ордасының игі дәс­түріне айналған шара – ең жас сту­денттен ең жас оқытушының емтихан қабылдауына қатысып, не бары жиырма бес жасында физика-математика ғылым­дарының докторы атанған Саша Танядан емтихан қабылдаған.

Университеттің ең жас тәлімгері – Дмитрий   Сильвесторовтың мәлім­де­уінше, ағалы-қарындас Дворактардың өзгелер­ден еш айырмашылықтары жоқ, тек қана уақыттан озғандары ұтып тұр. «Уақыт ұту – ғылым үшін аса пайдалы», - дейді жас ғалым.

Шағын ғана балташының отбасында дүниеге келген зейінді Двороктардың ана­сының айтуынша, балаларын еш­қашан күштеп оқытпаған, тек қана ер­те оятып, сабақтарын қайталатып отыр­ған. Әкелері жеткіншектерін есепке ете­не баулып, төрт таңбалы сандарды ой­ша көбейтуде жарыс ұйымдастырып,  бә­секелестікке баулыған. «Математика –ғылымдар патшасы», – деп тегін айтпаса керек. Осындай дарынды қабілеттерінің арқасында барлығы да мектепті алтын медальмен бітіріп қана қоймай, сол кез­дері «Әлемдегі ең жас студенттер» атанған. Бейне бір, бірінен соң бірі шыңға өрмелеп бара жатқан альпинистер іспеттес. Иә, бұл ХХ ғасырдың еншісінде сақталған  қы­зықты да ой саларлық ақпарат. Ал бүгінгі таңда осындай ең жас студенттер бар ма?

Әрине бар, жетерлік... Бірақ мені қы­зықтырғаны – ХХ ғасырдағы ең жас сту­денттің бүгінгі заманның ең жас студентінен айырмашылығын айқындау жә­не жас ерекшеліктерін топшылау.

Ол кездегі ең жас студент он үште болса, бүгінгінің ең жасы жетіде болып шық­ты. Заманның заңғар шыңға өр­леуі  осы болар... 2012 жылдың қорытын­дысы бойынша, рекордтар кітабына еніп, әлемді дүр сілкіндірген  жеті жасар сту­денттің есімі – Танишик Абраам. Әкесі Бижу Абраам баласының ерекше дарындылығын екі жасында-ақ байқаған және жас дарынды жастайынан ұш­тауға жол ашқан. Бес жасында әй­гілі Стэндфорд университетінің мате­ма­тикалық бағдарламаларын мең­геріп, есептерін шығарған. Төрт жа­сын­да арнайы тестілеуден өтіп, бейкоммерциялық «Менса» ұйы­мы­ның құрамына енеді. Ал бұл ұйымға тек қана жоғары IQ дәрежесі барлар ғана енген.«American River College» де «Палеонтология және астрономия» факультетіне ин­теллектуалды жалпыфедералды тесті үздік тапсырып түскен Танишик бүгінде екінші курс студенті. Әлемде сирек кездесетін аса дарынды бі­лімпаз бала қазіргі таңда бакалавр дәрежесіне үздіксіз дайындалуда. 

Әлем тарихына бір көз жүгіртсек, 1773 жылы он төрт жасында Кем­бридж университетіне түскен Уильям Питтің есімі де елеулі. Әлемнің ең үздік, ең танымал, ең көне тарихи университеті саналатын, Ұлыбританияның жиырма белді оқу орындарының жүйесі – «Рас­сел» құрамасына енетін Кембриджге Уи­льям Питтің артынан екі ғасыр өт­кеннен кейін он бес жасар Арран Фер­нандестің келуі барлық ұжымды қуан­тады. Американдық атақты Суррей гра­фының ұрпағы саналатын Арранның не­гізгі мақсаты – Римананың нөлдер жүй­есі дзета-функциясының гипотезасын шешу болған. Сондай-ақ, он жасында екі мәрте Нобель сыйлығына ұсынылған жас саясаткер Грегори Смиттің озбырлығын атамай кету мүмкін емес.  Ол, тіпті, ба­лалардың саяси-қоғамдық ұйымын құр­ған.

Таня мен Танишиктен бастап барлығы математикаға зер салып, зейін қойған зерделілер болса, он екі жасында студент атанған Ксавье Гордон Браун медицина факультетінің түлегі. Математика да, ме­дицина да оңайшылықпен қамал ал­дыратын ғылым саласы емес екені бә­рімізге мәлім. Алайда, Ксавье жасына қарамай, тек қана медицинаның жілігін ша­ғып қана қоймай, музыкамен, спорт­пен айналысуға да уақыт тапқан. Ол фор­тепианода, кларнетте, скрипкада ойнап, таэквандо, трамплиннен секірумен ай­налысып, футболға да жанын салған. Ал, ең бәрекелдісі ол өзінің он екі жасына қарамастан төрт тілді жетік меңгерген, яғ­ни, француз, испан, латын және қытай тілдерін.

Бүгінгі таңда ештеңеге таңғалуға бол­майды. Себебі, жер-жаһанның түкпір-түк­пірінде мыңдаған дарынды балалар өсіп-өнуде. Солардың мыңнан бірегейі біздің елімізде де бар. Әлем мойындап бас иген, қазақ елінің зор мақтанышы мен құрметіне айналған қаршадай Жансая Әбдімәлікті атамай кету мүмкін емес. Қазір Сингапурде білім алып жатқан әлемнің ең жас гроссмейстері не бары он үш жасында Қазақ Британ техникалық университетінің студенті атанды емес пе!

Нұргүл АХАНҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті.
 Пікірлер: 0
 Оқылған: 725
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1287
count 88x31px