Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 17.06.2019

Отбасында тәлімді тәрбие алған азамат өзінің еліне, жеріне адал қызмет етпек. Адам деген атқа лайық болудың ең басты алғышарты – осы. Адами қасиетімен ерекшеленіп, ел ертеңіне өзінің сүбелі үлесін қосып жүрген ұл-қыздарымыз жеткілікті. Сондай азаматтардың бірі – бүгінде халық тыныштығын, қауіп­сіздігін қамтамасыз етуде толымды еңбек етіп жүрген Дәулет Амангелдіұлы Кәкібаев.

Дәулет Қарқаралы қаласындағы О.Жәутіков атын­дағы №1 орта мектепті қызыл аттестатқа аяқ­тап, Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтын үздік тәмамдаған. Бүгінде ІІМ-нің Қа­рағанды Академиясын бітірген Д.Амангелдіұлы ішкі істер органында он жылдан астам қызмет етіп келеді. Қызығынан қиындығы мол қызметті таңдаған Дәулет бүгінде Қарқаралы аудандық ішкі істер бөлімі штабының аға инспекторы, полиция капитаны.

Қашанда білімді, шыдам мен жігерді, тиянақтылық пен жауапкершілікті қажет ететін қызметті абыроймен атқару оңай емес. Әр ісі мен сөзіне байыпты қа­рап, ең бастысы халық қа­уіп­сіздігін қамтамасыз ете отырып, адам өмірін сақ­тау шеберлікті, іскерлікті қажет­сінеді.

Жас та болса, атқарған жұмысына қарай алған ал­­ғыстары да жетерлік. Мә­селен, 2008 жылы облыс­тың «Үлгілі полицейі» атан­са, жақында облыс әкі­мінің «Құрмет» грамотасын ие­ленді. Тағы бір үл­кен жетістігі, жыл сайын берілетін облыс әкімінің «Қай­нар» жастар сыйлығының «Отан қорғаушы» аталымы бо­йынша топ жарды.

Жастық жалынының, жігер-қайратының арқа­сын­да елеулі еңбек етіп жүрген жас маманды ма­ман­дығының шебері ететін, оны қызмет бабында өсіретін басты қасиет – сенімі.Ол жас маманның жал­пы мәдениетінен, зерделілігі мен өресінен, кә­сіби біліктілігінен және адамгершілігінен құралады. Тәуелсіз Қазақ елінің өсіп-өркендеуі мен гүлденуін тікелей жастармен байланыстыратын Елбасы: «Мен жас ұрпақтың ел болашағы үшін маңызын әрқашанда атап көрсетіп келдім және атап көрсете беремін. Мемлекет әрбір жас адамның өз еліне міндетті түрде қажет болуы үшін бәрін де жасайды» деп жастарға зор сенім мен үміт артты. Олай болса, Елбасы мен еліміздің үмітін ақтайтын, халыққа қалтқысыз қызмет етіп жүрген Дәулет секілді жігерлі жастардың қатары көбейе бергей.

Сағыныш Әбілова,

«Орталық Қазақстан»

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 734
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1287
count 88x31px