Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 27.04.2018
Жолақы мәселесі шешілсін!

Студент және оқушы жас­тардың қоғамдық көлікте же­ңіл­дікпен жүру мәселесі ше­шілмей келеді күні бүгінге де­йін. Анығы, қарағандылық жас­тардың жолақысын толық төлеп жүргеніне бір жарым жылдан асты. Жер­гілікті атқарушы биліктің «Қа­растырылып жатыр, міне ше­шіледі!» дегеннен басқа қолынан ештеңе келер емес. Сонда кө­кейкесті мәселенің күрмеуі қа­шан шешіледі, лауазымгер мыр­залар?!

Жүз жатақхана салынбақ
«Студенттік жатақхана» бағ­дарламасы бойынша елі­мізде 100-ге жуық жатақхана са­лынбақ. Бұны журналистерге ҚР Білім және ғылым министрі Ба­қытжан Жұмағұлов мәлімдеді. «Қа­зақстанның жиырма жыл­дық тарихында көп болса, екі-үш жатақхана салынды. Қа­зіргі уақытта біз «Студенттік жа­тақхана» деген бағдарламаны қа­былдадық. Сол бағдарламаға сәйкес, елімізде жүзге жуық жатақхана салынады. Астана мен Алматыда ғана емес, облыс көлемінде де бой көтереді. Қазір олардың құрылысы басталды» деді ол. Аталмыш бағдарлама аясында Қарағандыда қанша жатақхана салынатыны, қанша студенттік қалашық пайдалануға берілетіні әзірше белгісіз. 

Жас ақынның алғашқы кітабы

Өткен жылдың соңында қа­зақтың ірі мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшенов жүл­десіне арналған жыр бәйгесі өткізілгені белгілі. Аталмыш мү­шәйраның  жеңімпазы, "Қасым.kz” порталының шеф-редакторы Ерболат Қуатбектің "Сынық ай­на” атты алғашқы жыр жинағы жа­рық көрді. Ерболат – поэзия әлемінде жаңашылдығымен, сыр­шылдығымен танылған жас ақын.

Жастар, 
елді ойлаңдар!

«Жастар! Алда жүрген, Алаш жолына аянбай қызмет қылған адал жүрек ағалардан үлгі, өнеге алыңдар. Елдіктен, ерліктен айырылып, екі жүз жылдай еңсесі түскен елді ойлаңдар. Күнді – түн, жақынды – жат, пайданы – зиян деп жүрген, толық саяси құ­қықтарын іздеп алуға ер жетіп, есі кірген елді ойлаңдар!» деген екен М.Жұмабаев «Жастарға!» атты өлеңінің кіріспе сөзінде. 
 Пікірлер: 0
 Оқылған: 587
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1227
count 88x31px